Отбасы - ошақ қасы

Қайын ағама күйеуге шықтым

  • Қайын ағама күйеуге шықтым

    Қайын ағама күйеуге шықтым

Сәлеметсіздерме?!

Сіздердің тұрақты оқырманыңызбын. Мен де өз өмірім жайлы айтқым келеді. Тезірек шығарыңызшы. 19 жасымда жақсы көрген жігітіме тұрмыс кұрдым. Бақытты едік, көп ұзамай аяғым ауыр болды. Ішімдегі сәбиге 8 ай болғанда күйеуім күтпеген жерден қайтыс болды. Жылап еңіреп жүріп жерледік. Күйеуім қайтыс болғаннан бір айдан кейін ұл босандым.

Күйеуімнің қырқын берген күні мені кайын ағама күйеуге шықтым. Балалық па білмеймін мен келісіп кайын ағама тұрмысқа шықтым. Сол кездегі бар ойым баламда болды.Бір күні басқа байға тисем балам көз түрткі болады,қайын ағама тисем баламды алақандарында ұстайды деген оймен келістім. Қазір Аллаға шүкір бәрі жақсы, бірақ жақсы көру махаббат дегенді білмеймін. Әйелдік қызметімді атқарамын. Осы күйеуімнен екі ұл тудым, үш ұлымыз бар. 11 жыл болды балаларым мектеп қабырғасында. Енді сіздерден ақыл сұрайын ұлым өсіп келеді, бірақ әкесі жайында білмейді.

Осы күйеуімді әкесі деп ойлайды. Бар шындықты айтсам ба деп ойлаймын. Айтайын десем балам өзін бөлек санай ма деген ой маза берер емес. Айтпасам кейін біреуден естісе не болады? Күйеуіме бұл жайлы айтпадым. Жүрегін ауыртқым келмейді. Үш баласы үшін жанын беруге дайын.Бәрін бірдей көреді. Ұзақ болса кешірім өтінем. Сіздердің ақыл кеңестеріңізді күтем.

Жадыра

Шымкент қаласы




Көрілген: 10208    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.05.2021, 23:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Маусым, 09:11
    Байлыққа қызығып,...
    31 Мамыр, 12:57
    Ана сатып аламын...
    2 Мамыр, 22:21
    Қызыма әке керек
    29 Сәуір, 11:07
    Ананың ақылы...
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30