Отбасы - ошақ қасы

Қайын атаcынан «таяқ жеген» келіншек мұңын шақты

  • Қайын атаcынан «таяқ жеген» келіншек мұңын шақты

    Қайын атаcынан «таяқ жеген» келіншек мұңын шақты

Келіншектің сөзінше, қайын атасы ащысуға тойып, келініне қол көтеріпті.

Қайын атаcынан «таяқ жеген» келіншек мұңын шақты


Фото: Pixabay.com

 


Қайын атасымен бірге тұратын келіншек одан таяқ жеген себепті үстінен арыз жазбақ болғанын сөз етті. Алайда әйел адамның күйеуі оны бопсалап, әкесіне күйе жақпауын айтқан. Жұбайынан қолдау көре алмаған келіншек көпшіліктен кеңес сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Келіншектің сөзінше, қайын атасы ащысуға тойып, келініне қол көтеріпті. Бұған шыдамаған кейіпкер бірден оның үстінен арыз жазбақ болған. Алайда оның ойын ызаға булыққан күйеуі өзгертіпті. Айтуынша, ер адам әйелінің сөзін жоққа шығарып, енді өз үйінен безіп жүр екен.


"Өзіміздің пәтерімізде күйеуім, екі балам және қайын атам бірге тұрамыз. Әкесі бір күні үйге мас болып келіп, бейәдеп сөздер жаудыра бастады. Мен де қарап тұрмай, онымен ұрсыса кеттім. Сол кезде мені ұрып тастады. Содан соң учаскелікті шақырдым. Ол келгеннен кейін арыз жазасыз ба деп сұрады. Мен жазатынымды айттым.


Күйеуім ол кезде жұмыстан үйге қайтып бара жатқан. Ол келген бойда көз жасымды тыя алмай бәрін айтып тұрсам, ол: "Қай жеріңді ұрды? Неге өтірік айтасың. Неменеңе арыз жасып отырсың, қазір жазатын болсаң осы жерде-ақ жаныңды көзіңе көрсетемін деді. Балалар бәрін естіп тұр. Әкесін алып кетті. Сол түні үйге қонған жоқ, сөйтсем, достарымен қыдырып көңіл көтеріпті", - дейді келіншек.


Жарақат алған келіншек енді не істерін білмей отыр екен. Оның сөзінше, жұбайы бір аптадан бері онымен сөйлеспей жүр екен.


Мен болсам аяғымның ауырғаны қоймаған соң шыдамай ауруханаға бардым. Аяғымнан жарақат алып, саусақтарым шытынап кетіпті. Қазір не істерімді білмей отырмын. Күйеуім менімен бір аптадан беру сөйлеспейді", - деп ағынан жарылды келіншек.


sn.kz




Көрілген: 1111    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.11.2019, 12:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30