Қайын інісінің тойында ән айтқан бір әулеттің 7 келініне ел сүйсінді (видео)

25 желтоқсан 2021, 11:20

Маңғыстау облысында бір әулеттің 7 келіні қайын інілерінің үйлену тойында тосын сый жасады. Олар жас жұбайларға "Жеңгелер арнауы" әнін орындайды.

 

Бірдей көйлек киіп ән шырқағандар бір әулеттің немере келіндері екен, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Салқынай Еділбаева есімді Instagram қолданушысы көпті тәнті еткен видео жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, той Маңғыстау облысында өткен. Бейнежазба авторы да шаңырақ көтерген жігіттің жеңгесі және ән айтқандардың бірі.

 

Видеода бірдей көйлек киіп, орамал таққан 9 келінді көруге болады. Олардың 7-уі ән орындайды. Ән мәтінінде олар бір әулеттің тату-тәтті келіндері екені туралы айтылады. Сондай-ақ қайын інілерінің келін әкеліп, ағайын-туысты қуантып жатқанын сөзге қосқан абысындар тойға жиналған қауымды жаңа келінмен құттықтайды.

 

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары абысындардың татулығына тәнті болып, жас жұбайларға бақыт тіледі.

 

 

"Күшті, керемет", "Бастысы, жастар бақытты болсын", "Жарайсыңдар, Маңғыстаудың келіндері", "Соңғы 3-4 жылдағы ең керемет осы видео болды. Татулықтарыңыз мәңгі болсын. Абысын деген осындай болуы керек деп ойлаймын", "Керемет көз тимесін", "Мынандай абысындарыңыз болса күшті", "Абысын тату болса ас көп. Міне, нағыз абысындар" деп жазды желі қолданушылары.

 

Әулеттің үлкені 33 немере, 19 шөбере, 8 жиен, 16 жиен шөбере, 4 жиеншар шөпшектің атасы екен.