Отбасы - ошақ қасы

«Қазақ еркегінің қозуынан бітуі тез». Дәрігер секстің құпиясын айтты (+18)

  • «Қазақ еркегінің қозуынан бітуі тез». Дәрігер секстің құпиясын айтты (+18)

    «Қазақ еркегінің қозуынан бітуі тез». Дәрігер секстің құпиясын айтты (+18)

Сексуальдық жағынан күйеуінің қанағаттандыра алмай жүргенін қазақ әйелдері бұрын сыбырлап айтушы еді, қазір ашық кете бастады. Өйткені бұл жалпылама құбылысқа айналып барады. 


Дәрігер Ғабит Нұрханұлы бұрын әйелдер 50-60 жастан асқанда ғана шағымданушы еді, өкінішке қарай, қазір 25-30 жасында да жігіттердің сексуальдық белсенділігі нашарлап кеткенін айтады. 


Сондай-ақ, оның айтуынша, біздегі 40-тан асқан отбасыдағы жұптың 50 пайызы айына бір рет қана жақындасады екен.


Оның пікірінше, қазіргі еркектердің төсекте енжар болуына порноға тәуелділік пен спортпен шұғылданбауы себеп.


Сөйткен дәрігер Facebook-тегі жеке парақшасында мұндай жағдайда не істеу керектігіне қатысты әйел мен еркектерге кеңес береді. Нақтырақ айтқанда, дәрігер кеңесі негізінен сексуальдық белсенділігі төмен еркектерге арналады.


„Мен түсінемін. Қазір көп әйел күйеуін зорлағысы келіп жүр. Өйткені сексуальдық жағынан қанағаттанбаған. Гармондары ойнап тұр. Жыныстық қатынастың аздығы әйел адамның ағзасына тікелей кері әсер етеді. Кім ауру болғысы келеді дейсіз?.. Содан соң еркегін күштейді. Ал еркегі…


Еркегінің қозуынан бітуі тез. Дегенмен айта кетейін, бұл жалғыз қазақтардың ғана емес, жалпы барлық елдердің жұбында бар проблема.


Сондықтан мұндайда қамсыз қалуға болмайды. Жыныстық қатынасты қалай ұзартуға болады? Осы сауалдың жауабына қарай, қарекет ету керек. Әрине, ең алдымен, денсаулыққа мән беру керек, суық тиюдің салдарынан пайда болған созылмалы дертті үнемі емдеп отыру қажет. Одан соң…


1)Телефондағы барлық порноларды, жалаңаш суреттерді өшіріп тастау керек.


Ондайға мүлде қарамау қажет. Себебі адамның миы жалқау тек жеңіл жағына жүгіреді. Миға порно көріп қозған рахат əрі жеңіл. Ал өмірде шын əйел көргенде ми істемей қалады, фантазия жойылып кетеді. Сіздің көрген порно суреттеріңіз ми қалтарысында жазылып шын əйелмен жақындасқанда сол жазбалар миды істетпей қояды, яғни, қозу болмайды.


2) Компьютерден порно көруді ұмытыңыз. Ондай сайттарға жоламағаныңыз абзал.


3) Онанизммен айналысуды қою керек.


Онанизм — гомосексуализмнің алғашқы қадамы. Онанизммен айналысатын ерлер əйелдерге қарамақ түгіл, жиіркеніп кетеді. Оның салдары порнодан да ауыр.


4) Жыныстық қатынасты бастамас бұрын үлкен және кіші дəретке барып, жақындасуға кедергі келтіретін нəрселерден арылу.


5) Кіші дəретке отырғанда сідікті қайта-қайта тежеп, простата бұлшықеттерін жаттықтырып, дер кезінде тоқтауды уйрену керек.

6) Тазалық. Екі бұттың, қолтық астынан өсетін 0.5-1 см асатын барлық қылшық жүн атаулыны қырып, антисептикалық ерітінділермен (хлоргексидин) жуып тазалап тұру керек.


7) Көп еркек аймаласуды қор көреді.


Шындығында ол өз мүмкіндігін алдын ала сарқиды. Бұл да тез бітіріп қоюдың бір себебі. Дұрысында, әйеліңізді аймалап, қозған кезін күтіңіз.


8) Жыныстық қозуды кушейтетін женщен, қара тмин, фольи қышқылы сынды дәрумендерді ішіп тұру керек.


9) Простата бұлшық еттеріне қосымша жаттығулар жасау керек. Мысалы, жугіру, велотренажерді пайдалану немесе басқа да аяққа жаттығулар жасау керек.


10) Тамаққа тойып алған соң жыныстық қатынасқа барғаннан бармаған артық. Өйткені тамаққа тойған мидың ұйқысы келеді. Артық салмақтан арылу қажет.


Қарынды еркек — импотент.


11) Жыныстық қатынас кезінде бар ойыңыз əйелді қанағаттандыру болуы тиіс. Миды тек жыныстық қатынаста болатын əйелге бағыттап, сол əйелмен сөйлесіп, ол туралы жақсы ойларға беріліп, елітуге уйрену қажет.


12) Егер түнімен тоқтамайтын мачо боламын десеңіз, онда спортзалдан шықпайтын адамға айналу керек қой…„


kaz.365info.kz




Көрілген: 17128    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.04.2019, 21:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31