Қазақ қызы пәкістандық жігітке күйеуге шықты (видео)

21 ақпан 2022, 18:34

Маңғыстау облысының тумасы Айнұр Рахметова Пәкістан азаматына тұрмысқы шықты. Бірінші той Қазақстанда, ал екінші той Пәкістанда өткен, деп хабарлайды Экспресс К.

 

instagram.com/rakhmetovaainn

 

Айнұр Рахметова — белгілі блогер. Ол пайдалы кеңестерін жазып, пәкістандық жігіті екеуінің махаббаты жайлы жазбаларды жиі жариялап тұрады. Күйеу баланың есімі — Адыл. Ол Айнұр екеуі орысша сөйлеседі.

 

nstagram.com/rakhmetovaainn

 

"Қазақ жігіті қалмады ма? Фу, сұмдық, елден кетіңдер! Қазақстанға кері келме! Елдің масқарасын шығардыңдар" деп жазатын адамдар көп, — дейді Айнұр.

 

Өткен айда Айнұр Пәкістанға барып, сол жақтың әдет-ғұрпымен танысып, сари киді. Екеуі қазір Қазақстанға қайтып келген. Екі жасты сөгетіндер де, бақыт тілейтіндер де бар.

 

Осыған дейін Экспресс К тілшісі араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызының өзінен эксклюзивті сұхбат алды. Осыдан кейін Динара Мұсабаеваға әлеуметтік желі арқылы қорқытып-үркітіп, шабуыл жасаушылар пайда болды. Көп ұзамай қазақ қызын қалыңдық еткен араб жігіті Экспресс К тілшісіне қысым көрсетушілер мен қазақ халқы туралы ойымен бөлісіп, эксклюзивті сұхбат берді.

 

Жақында ғана кәріс жігітіне күйеуге шыққан қазақ қызының ұзату тойының видеосы елдің қызу талқысына түскен болатын.