Отбасы - ошақ қасы

Келінім көше үшін жаралғандай

  • Келінім көше үшін жаралғандай

    Келінім көше үшін жаралғандай

 "Көргені жоқтың қасында, ақыл сөзің зая шын. Білгені аздың қасында, ақылды əсте бала шын" деген-ді бабаларымыз бос айтпаған сияқты. Күйіп кеттім. Кеше алты жыл бойы үйге бармай інімнің үйіне барған едім. Дарбазасынан келіннің бажылдап, ініме ұрысқанын естіп үйге де кірмедім.

Інім туғаннан мүгедек. Бірақ, бар тірлікті өзі жасайды. Аздап нағашыларымыздан дарыған ұсталығы бар. Сол ұсталықпен көз майын тауысып тапқан дүниесін келініміз бет бояуға құртады. Келініміз көшенің гүлі. Көше үшін жаралған десе, артық айтқаным емес. Қыдырып жүріп, қарын тойғызады. Інімді адам санамайды. Інімнің арқасында өмір сүріп жүріп, "масыл" деп тілдейді.Үйіне барсаң дұрыстап дастархан жайып,шәй беруді білмейді.Бірақ,інімнің бар тапқанын үстіне іліп алып,сыртта әдемі болып жүрсе болды.

Үйін үшінші сыныпты біткерген қызы жинаған болады.Сол қызы кішкене есі кіріп,бой түзеп әкесіне қарап жағдайын жасамаса,бірдеңе деу қиын. Інім тым момын.Қолынан бәрі келеді.Бар білгені ішінде.Сыртқа сыр шашпайды.Үйіне барған сайын көз жасыма тұншығып ораламын.Бірдеңе деуге қайын апам келіп тиісіп кетті деп елге жаяды.Анам да көзі тірісінде,”келіндерге үндеме,шыққан қыз шиден тысқары,сенің өз үйің бар,араласпа” деп ақылын айтып отырушы еді.Көріп отырып көрмеген болудан,біліп жүріп білмеген болудан шаршадым.Анандай тірліктерін көріп шыдамай бірдеңе деп қоярмын деп алты жылдан бері есігін ашпап едім.Тағы сол...айқай. Кірместен кері бұрылып кеттім. Көз жасыма тұншығып іштей өксіп жол бойы жылап келдім. Әттең-ай !Бір кем дүние! Біреуге бар,біреуге зар дүние –ай...

 

Зарина
el24kz




Көрілген: 2188    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.02.2020, 14:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31