Отбасы - ошақ қасы

"Кеткім келеді": Маскүнем қайын атасынан мезі болған жас келін елден көмек сұрады

  • "Кеткім келеді": Маскүнем қайын атасынан мезі болған жас келін елден көмек сұрады



Енесінің мінезі мен қайын атасының ішкілікке салынуынан мезі болған жас келін көптен кеңес сұрады. Айтуынша, ол бүгінде күйеуін де, оның ата-анасын да көргісі келмейді екен. Өкініштісі, келіншектің ата-анасы көрші елде тұратындықтан, ол дәл қазір өз үйіне кете алмайды. Бұған қоса елден баланы әкетуге оның күйеуі де рұқсат бермей жүр екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.


 

 

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Келіншек жан сырын Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде мәлім еткен.


"Сәлеметсіздер ме, басымдағы жағдаймен бөліскім келіп отыр. Тұрмыс құрғаныма 2 жыл болды, жақында ғана ұлды болдым. Сәбиім бар-жоғы екі айлық. Күйеуімнің ата-анасымен бірге тұрамыз.

Енеме келер болсам, ол өте қиын адам. Қайын атам болса ішкенді ұнатады. Солар үшін бүкіл жүктілік кезеңінде жүйкем тозып шықты. Күйеуіме олардан бөлек шығайық дедім. Бірақ оның ешқайда кеткісі келмейді", - деп қынжылды әйел.


Оның сөзінше, ата-енесінен бөлек шығу үшін көлікті сатып, ипотекаға баспана алмақшы екен.


"Осындай күнделікті теке-тірес үшін, ара-қатынасымыз өзгеріп кетті, меніңше ол отбасылық өмірге әлі дайын емес. Әрине анасы да өмірімізді ойран ету үшін барын салып отыр.

Қазір тіпті онымен тұрғым да, оның отбасын көргім де келмейді.


Қиыны, жақындарым алыста, нақтырақ айтсам Ресейде болып тұр. Қазір-ақ кеткім келеді, бірақ баламның өскенін күтіп отырмын.



  • Енді тағы бір мәселе туындап тұр. Күйеуім елден кетуге рұқсат бермей отыр немесе баланы тастап, өзің кетесің дейді.


Мен баламнан айырылғым келмейді, аналар мені түсінеді деп ойлаймын. Кеңес бермесеңіздер, салым суға кетті", - деп жан сырын ақтардыкеліншек.

 





Көрілген: 4413    Пікірлер: 0

сенбі, 19.10.2019, 12:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30