Отбасы - ошақ қасы

"Көкек әкемнің" балаларына көмектесуге әзірмін...

  • ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

    ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Ертеде қазақтар «Әке-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ», деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Және ол бекер де емес. Себебі, бұрын да, қазіргі де, сөзсіз отбасында әкенің алатын орны ерекше болған және болуы керек те. Жалпы әке атауына лайық жандар отбасына қамқоршы, қорғаушы, ұрпақ тәрбиесін мықтап жүргізіп отырған. Ал мен бейбақ әкемнен жылулықты да, қамқорлықты да сезіне алмадым. Оған себеп те жоқ емес.
Әлі есімде. Кішкене ғана қалашық шетіндегі ауылда тұрамыз. Екінші сыныпта оқып жүрген кезім. Әкем мал дәрігері болғандықтан, үйде көп бола бермейтін. Бірде мектептен қайтып келе жатып, анадайдан есік алдында әкемнің жұмыс мәшинесі тұрғанын көріп, үйге қарай құйғыта жөнелдім. Бойда сағыныш, ойда базарлық бар дегендей. Тасыр-тұсыр үйге кірген бойда әкемді іздедім. Түпкі жатын бөлмеде түрлі дыбыстар шыққандай болды. Алып ұшып сонда кірсем әкем араққы сылқи тойып алған қабырғада ілулі тұрған суретті ортасынан қақ бөліп, жерге тастап, отбасылық альбомдағы бар фотоларды қос қостап жыртып жатқанын көрдім де сілейіп қатып қалдым. Сәлден соң әкемнің бұл қылығына түсінбеген мен қасына келіп: «Пап, қашан келдіңіз?» деп сұрағаным сол-ақ екен көз қиығымен маған бір қараған бойда «Не, саған не керек? Кет әрі, жоғалшы көзіме көрінбей» деді де «жұмысын» жалғастыра берді. Мен не дерімді білмей үйдің артындағы маяның үстіне шығып, басым «мың дың» әкеме не болып қалды екен деп ойланып отырып, отырған жерімде ұйықтап қалыппын. Сәлден соң үй ішінен шыққан айқай-шудан оянып кеттім. Ояна сала аяғымның ұшымен үйге кірсем, шешем ас бөлмеде жылап отырып:
– Кететінің бар неге ерте айтпадың? Тым болмаса әкем өлмей тұрып, қалада жұмысқа тұрып алар едім ғой. Не деген опасыз едің? Мені емес, Жасұланды неге ойламайсың?, – деді.
Залдағы диванда отырып, қолындағы сырасын сіміре салған әкем:

– Тоғыз жылда мен сенен қандай жақсылық көрдім. Не дұрыстап тамақ та істей алмайсың, не кісі күте алмайсың? Үнемі қабағыңнан қар жауып, тұнжырайып жүресің? Үстіңнен күндіз де, түнде де балық сасып тұрады... Шынын айтқанда мен сенен жеркенемін... Қысқасы мені іздеуші болма, басқа облысқа ауысқалы жатырмын, – деді де шешемнің қасына келіп «кілтті бер!» деген бойда шешемнің қолындағы кілті жұлып алып, жатын бөлмеден тойға арналған кәстүм-шалбарын киіп алып сыртқа шығып кетті. Сол уақытта табалдырықта отырған мені көрген әкем, көрмегендей аттап-пұттап өте шықты.
Әкем сол кеткеннен мол кетті. Кейін естісем әкем бізден кеткен бойда Жамбылдағы /қазіргі Тараз/ бір дүкенші келіншекпен қосылыпты. Бара салысымен қаладағы тері шығаратын зауытқа бригадир болып кіріп алыпты. Шешеме сол кезде ауыр сөздерді бекер айтпағанын ұқтым. Ал жуырда Таразда тұратын кластасынан да бір ұлы барын естіп аң-таң болғаным бар. Қанша айтқаныммен әкем ғой аман-есен болсын.
Қазір ойлап қарасам, әкемнің кіндігінен тараған сол балалардың қай қайсысы болмасын алдыма келсе туғанымдай шығарып салар едім... Қажет болса көмегімді де аямас едім. Себебі, адаммын, адам болып туылғаннан кейін айналама нұрымды шашып жүруім керек деп ойлаймын. Сіздің ойыңыз қалай бұған қатысты? Құрметті оқырман! Мүмкін мен қателестіп те отырған шығармын.. Кім білсін?! Қысқасын айтқанда мен әкемді жек көретінім анық, бірақ оның балаларына көмектесуге әзірмін..
Есімде, шешем сол бір қаралы күннен бірер уақыт бұрын Шымкенттен келген сіңілісіне дүкенші келіншек туралы сыбырлап әңгіме айтып отырғанын естіп қалғаным бар. Кейін ойласам шешемнің сол уақытта сөз қылып жүргені нақ сол келіншек екен. Әкем бізден кетер алдында ол келіншектен егіз ұл сүйіпті.
Бұл оқиға шамамен 1985 жылдары болса керек. Жалпы менің шешем алтын кісі. Маған ешқашан зекіп ұрысқан да, емес, сұрағанымды өзі аш қалса да алып беретін. Сол себепті ол кісі маған әке орнына әке, шеше орнына шеше бола білді деп толықтай айта аламын. Шардарадағы балық зауытындағы жұмысын істей жүріп, мектепті аяқтағанша менің қажеттілігімнің барлығын мүлтіксіз орындады десем артық айтқаным емес. Арада айлар өтіп, жылдар жылжып, уақыт дегенің зымырап өте шықты. Мен мектеп бітірген жылы Кеңес өкіметі құлап тынды.. 1993-ші жылы Тері зауыты да, балық зауыты да жабылып тынды. 1994-ші жылы біз шешем екеуміз Алматыға көштік. Ауылдағы үйді болмашы ғана ақшаға саттық та, қаладан екі бөлмелі жатахана сатып алдық. Мектеп біргеннен кейін мен екі жыл бой көктем айларында елдің қойының жүнін қырқып, күзде жем-шөп алып сатып, ара тұра өзіміз өсірген қауынды Шымкентте сатып жүріп күнелттік.
Шынын айтсам мен сол тағдырыма ризамын. Екі жыл ішінде мен қатты есейдім десем болғандай. Сол екі жылда жанашыр туыстың кім екенін, достың, сатқынның кім екенін ұқтым. Иншалла сол екі жылға мен және қарыздармын да. Сол екі жыл болмаса мен қазір шешемнің аяғын да, қолын да жылы суға салып отыра алмас па едім. Кім білсін...
Әрине Алматыға келген жылдары көрген қиыншылықты айтсам бір күн уақыт жете қоймас. Шешем екеумізді қосақтап тұрып түрмеге де тоғытқандар табылды, мініс жылқымызды арбасымен үстіне бензин шашып өртеп кеткендер де табылды. Бірнеше рет үйіміз де өртке оранды дегендей.
Ал қазір менің көліктерді жалға беріп, күнделікті кіріс ақшаны жинайтын жеке фирмам бар. Қоластымда отызға жуық қызметкерім, түрлі бағытта жұмыс істеуге арналған арнайы қырықтан астам техникам бар. Алматының жоғарғы жағынан екі қабат үй де сатып алдық.. Үш балам, келіншегім және бар. Анам биыл 60 жасқа толуына орай той жасап, бүкіл туған-туыстың басын қостық.. Шақыртуды әкеме де жібердім. Әрине ол кісі тойға келе қойған жоқ. Бірақ тойға әкемді танитындардың болғаны да, тойдың қалай өткенін де айтып жеткізетіндердің болғаны анық..
Рахмет, Құрман әке! Егер сіз бізді сол жылдары тастап кетпегеніңізде кім білсін менің кім боларымды. Мүмкін көп жігіттер ұқсаған ез болар ма едім. Ынжық болмасыма да ешкім кепілдік бере алмас еді. Қалай болғанда әке сізге мың алғыс!!

Автор: 39 жастағы Жасик ұлыңыз, Алматы қаласы




Көрілген: 3004    Пікірлер: 3

бейсенбі, 23.10.2014, 15:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қаңтар, 10:33
    Нәпсіге ерік беріп...
    27 Желтоқсан 2021
    Пышақ кезенген перзент...
    21 Желтоқсан 2021
    Бұл махаббат па...
    20 Желтоқсан 2021
    Досымның әйелімен...
    15 Желтоқсан 2021
    Сүйем деді, күйем деді
    13 Желтоқсан 2021
    Жоғалып табылған қыз
    12 Желтоқсан 2021
    Қорлығына шыдай алмадым
    16 Қараша 2021
    Әйелімді қимаймын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31