Отбасы - ошақ қасы

Көкек ананың баласын бағып отырмын

  • Көкек ананың баласын бағып отырмын

    Көкек ананың баласын бағып отырмын

 Маған тек пікір маңызды! Себебі бәрібір менің қолымнан келер шара жоқ! Өзім тұрмыстамын, үшінші жыл болды, бірақ балалы болмадық! Ата-енеммен тұраммын және үйдегі төрт жасар қызға қарап отырмын. Қайнымның некесіз туған қызы. Қыздың шешесі бар, қайныммен үйленбеген, бірақ қазір  бірге тұрады, анда--санда үйге келіп кетеді. Алайда келгені  болмаса келін, ана деуге келмейді. 

Менің бір  таң қалатыным, ол әлгі қыздың  анасы ғой, іштен шыққан баласын қалай уайымдамайды. Бала болған соң ауыратыны бар, жылайды , керек-жарақ, киім-кешек дегендей, ондайға басы ауырмақ түгілі ойына да кірмейтін сияқты. Бала бағу оңай емес, бірақ өз баласын анасы қалай керек қылмайды. Ана деген баласын ауырсынар ма еді.  Сол келінсымақ маған еш ұнамайды, бәрін тілімен жайғастырады. Бірақ сонда да оның дегені болып жүр. Енемнің де, менің де момындығымызды пайдаланып жүр. Мен балаға қарамаймын деп айта алмаймын, айтқанмын, бірақ оны ешкім естімейді.  Кейде жыным келіп кетеді. Бірақ бала деген періште, оның не кінәсі бар. Айтарым, сол қазір де ашуыма тиетін заттар болып жатыр, содан ең болмаса хат жазайын дедім. Өмірде бір күндікпен өмір сүретін адамдардан аулақ болу керек екен...

Аноним 




Көрілген: 1365    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 10:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Ақпан, 16:10
    Екі әйел алмаңдар!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30