Отбасы - ошақ қасы

Көлік алам деп «косякқа» кірдім...

  • https://www.drive2.ru/

    https://www.drive2.ru/

Бүгінде екінің бірінің мойнында жүрген кредит қарызының құрсауына түспеуге барынша тырысып жүр едім. Жоғары оқу орнын бітірген соң, Алматының жанындағы бір ауылда тұратын әке-шешемнің жайы ойландырып, көп күттірмей үйлену де ойымда жүрген &ndashтұғын.

 

Өткен жылы жақын досым Әмірбек «Нексия» автокөлігін сатып алғаннан-ақ көңілім нілдей бұзылды. Көлік алып көңілі жайланған досым да бұрынғыдай емес, қыздарға еркін қырындап, көрікті қыздардың көзіне жиі түсе бастады. Әрине, қаланың қу қыздарына оның өзінің лыпылдаған әрекеті емес, машинасына жайғасып, серуендеген көбірек ұнайтынын іштей сезетінмін. Сол себептен де Әмірбектің қасында өзімді қораш сезініп, іштей «қайтсем де көлік алып, оны басып озамын. Оның айналасында үйірілген қыздардың назарын өзіме аударамын» деген бәсеке пайда болды. Бірақ, әке-шешесі күйлі-қуатты, өзі жақсы жалақыда жұмыс істеп жүрген Әмірбекпен өзімді салыстыру ойыма да келмепті және оған мұршам да жоқ еді.

 

Сонымен үйдегі әке-шешеме айтпай, әпкемді көндіріп, жездем де айтпауға уәде беріп (өзім бір жылда төлеп тастайтын ыңғайым барын айтып сендірген соң) кредитке ақша алып, соған біраз ғана жүрілген қызыл түсті «Мерс-600» сатып алдым. Дегенмен, мұндайда жасырып қалай отыра аларсың, көлігімді көрсетіп әке-шешеме барып қайттым. Анам байғұста ес қалған жоқ, мәре-сәре, мәз-мәйрам. Ал зейнеткер әкем қашан да байсалды қалпын сақтап «бұл не қылған батпанқұйрық» екендігін тәптіштей сұрады. Заводта инженер болып істейтін менің жалақым 150 мың шамасында екенін, ал машинаның кредитін ай сайын 75 мыңнан төлейтіндігімді естігенде бірден ашуланды. Рұқсатсыз, еш ақылдаспай ала салғаныма кейіді де. Болар іс болды, қайтеміз енді... Әке болғаннан кейін де сын-ескертпесі қашан да орынды ғой, үнсіз құтылдым.

 

Сөйтіп өткен жылы сатып алған машинам алғашында жаман болған жоқ. Бұрын сөз салғанымда сырғақтап жүретін Сәулемен де сөзім жарасып, үйленетін уақытты биылға белгілеп кәдімгідей жүре бастадық. Сөйтіп жүргенде күтпеген жерден қара басты... Алматының ию-қию көшелерінің бірінде ағызып келе жатып... тізгінге ие бола алмай, бағдаршам қиылысында бір «Джипті» бүйірден келіп бір-ақ соқтым. Абырой болғанда, көлігімнің алды талқан болғанымен, өзіме айтарлықтай залал келген жоқ. Бірақ, бірден жеткен жол полициясы оқиғаға кінәлі мен екендігімді тез анықтады. Осылайша аяқ астынан бүйірі майысқан «Джиптің» иесіне бір, жолда жүру ередесін бұзғаным үшін екі, әрі жүруден қалған көлігімі үшін кредитті үш төлейтін болып қазіргі тілмен айтқанда «косякқа» бір-ақ кірдім.

 

Содан бері көктем өтті, жаз өтті... Бүгінде мен тіршілігімнің мәні кеткен біреуге айналдым. «Қырсық бір айналдырса шыр айналдырады» деген рас екен, жақында қысқарту жүріп зауыт басшылығы қысқартылған қызметкерлердің ішіне мені де қосып жұмыстан шығарды да тастады. Ал, міне, саған машина, міне саған үйлену... Сәулеге барар бетім жоқ, кездесу-хабарласу жайына қалған. Қоңырау шалса, әртүрлі сылтау айтып сырғытып келемін. Ол басымдағы осынау жағдайлардың бірін де білмейді. Әке-шешем де әзірге бейхабар. Қазірше кредитті жездем төлеп келе жатыр. Оған да оңай емес. Жағдайды еститін болса, әкемнің аямайтыны өзіме аян. «Шақшадай басым шарадай болды» деген осы шығар. Не істесем болады, ағайын?.. Ақыл беріңіздерші маған...

 

 

Автор: Қайнарбек Қайсарұлы, Астана қаласы

alashainasy.kz




Көрілген: 5003    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қаңтар, 14:07
    Ойнап жүріп от бастым
    29 Желтоқсан 2020
    Құрбым қыздарға құмар...
    20 Желтоқсан 2020
    Махаббат, махаббат деп...
    10 Желтоқсан 2020
    Жігіттер сенетін 6 өтірік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31