"Көңілдесі бар еркек көп ақша табады..." Тележүргізуші кеңес берді

22 сәуір 2022, 14:00

Отандық тележүргізуші Диана Қырықбай отбасына мол ақша келуі үшін ерлі-зайыптылар не нәрсені ескеруі керек екенін айтты.

Бұл туралы жүргізуші өзінің TikTok-тағы парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның айтуынша, ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы жақсы болса, ер адам мол ақша табады. Бизнесі жүріп, шаруасы дөңгелене түседі. Өйткені ер адам төсек қатынасы арқылы энергия алады. Ал осы қатынас дұрыс болмаса, ерлі-зайыптылар екі бөлмеде жатса, отағасының шаруасы кейін кетеді. Ақшасынан айырылып, бизнесі тоқтап қалады екен


Ал ер адам әйелінен энергия алмаса көңілдес іздейді.

Ер адамда көңілдес пайда болса бизнесі жүріп, ақшасы көбейеді. Өйткені үйде алмаған энергияны көңілдесінен алады екен, — дейді жүргізуші.

Жүргізушінің бұл пікіріне әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірген. Бірі "Күні-түні айналысамыз байып жатқан ештеңеміз жоқ", "Энергия деген өтірік нәрсе"деп реніш білдірсе, енді бірі күйеуіне көңілдес іздейтінін айтыпты. Тағы бірі "сен бірінші күйеуге тиіп алсайшы" деп жүргізушінің өзіне кеңес берген.