Отбасы - ошақ қасы

Көңілдес болуға келіскеніме өкінемін

  • Көңілдес болуға келіскеніме өкінемін

    Көңілдес болуға келіскеніме өкінемін

Мен ажыраскан әйелмін жасым 24 те. Менің бұрынғы қыз кезімде жүрген жігітім қыс мезгілінде маған хабарласып, өзінің ажырасып кеткенің айтты. Сол уақыттан бастап ол маган көңіл бөле бастады. Ол басқа қалада тұрады ал біздің қалаға ісссапармен келген екен. Біз 3 ай жүрдік, 3 айдан кейін ол бір күнде жоғалып кетті. 


Мен оны шамалы уақыт өткен соң тауып алдым. Ол өз әйелімен қайта қосылғанын айтты және тек бала үшін, ал әйелін сүймейтінің басып айтты. Солай біз қайтадан кездесе бастадық. Соңғы кездесуден кейін ол бала-шағасын алып Алматыға кетіп қалды. Бір ай өткен соң өзімнің жүкті екенімді білдім. Оған хабарласып едім «өзің біл, жаным, дәл қазір мен ештеңе айта алмаймын» деді. Содан түсік жасатуыма тура келді. Біз 3 ай жүргенде мен оған бауыр басып қалдым. Одан кете алмаған себебім де сол. Мен әйеліне болған жайды хабарлауды жөн көрдім! Олар мүлдем ажыраспаған болып шықты. Әйелі күйеуінің үнемі жүріс жасайтынын, бірақ ұстап алмаған соң мойындамайтынын айтты.Әйелі онымен өзінің бақытсыз екенін де жасырмады.


Қазір мен сол жігітпен байланысқаныма қатты өкінемін. Әйеліне хабарласып, бар шындықты айтқаным дұрыс па, дұрыс емес пе, білмеймін, бірақ жеңілдеп қалдым. Басқа қыз-келіншектерге айтарым, көңілдес болуға ешқашан келіспеңіздер. әйелдер де күйеуінің өзін алдап жүргенін білуі тиіс деп ойлаймын.


oqiga.kz




Көрілген: 1579    Пікірлер: 0

сенбі, 09.02.2019, 21:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 09:40
    Баламды бергім келеді
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30