Отбасы - ошақ қасы

Көңілдесін ұрғаным үшін күйеуім үйден кет деп отыр

  • https://poltava.sq.com.ua

    https://poltava.sq.com.ua

Қайырлы күн, құрметті оқырман, әпке-жеңгелер. Мен бүгін өз басымдағы қиын жағдаймен бөліскелі отырмын.


Тұрмыс құрғаныма 3 жыл болды, екі перзентіміз бар. Мендегі мəселе куйеумде болып тұр. Соңғы жарты жылдан бері жанұямызды бір жындар айналшықтап жүр, неше түрлі оқиғалар болып кетті, ажырасудың аз алдында тұрмыз.


Күйеуімнің көзіне не жын көрініп жүргенін білмеймін. Отбасылы, балалы-шағалы болса да қыздармен журеді, жас қыздармен "ажырасқанмын" деп танысады екен. Солардың бірімен бірге тұрып та келді. Үндемедім, екі қыздың болашағы үшін үндемей күттім. Үйге кайтып келді, кешірдім.


Күйеуім менің отбасымды сақтағым келетінін түсінбейді. Әлі де қыздармен жүреді. Тіпті менің көзімді бақырайтып қойып басқа қздармен сөйлеседі. Мен мұндайға қашанғы шыдаймын, онсыз да ол танысқан қыздардың бәріне хабарласып, әйелі екенімді айтып, ажыраспағанымызды айтып ескертемін. Куйеумнің ажыраспағанын білген қыздар онымен сөйлеспей қояды ғой. Соған күйеуім маған ашуланып, үйден кет деп отыр.


"Маған бостандық бер сенімен тұрғым келмейді" дейді. Үйде күнде ұрыс. Ата-енеммен тұрамын. Олар да біздің ұрысымыздан әбден тойды. Өздерің шешіңдер, екі перзенттеріңді ойлаңдар деп ақылдарын айтады.


Күні кеше ғана тағы бір қызбен қыдырып жүрген жерінен ұстап алдым. Бүкіл жұрттың көзінше ана қызды жұлдым, сөйтсем ол қыз жай ғана доспыз деп ақталды.


Осы жағдайдан кейін күйеуім менімен тұрмайтынын айтып отыр. "Егер сен үйден кетпесең, мен кетемін" деп отыр. Не істеймін, балаларымды әкесіз өсіргім келмейді.


Аноним


 


alashainasy.kz/

 




Көрілген: 5215    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.09.2019, 10:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31