Құрбым пәктігін сатпақ...

Құрбым пәктігін сатпақ...

Құрбымның осы бір әрекеті қолыма қалам алып, «Алаш айнасына» хат жазып, көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр етіп отыр. Мен қанша райынан қайтармақ болсам да, ол менің ақылыма құлақ асар емес. Бәлкім құрбым оқырмандардың ақыл-кеңесінен кейін ол ойынан қайтып, дұрыс шешім қабылдар деп үміттенем. Құрбымның атын өзгертіп жазып отырмын. Тек сіздерден өтінерім көңіліне ауыр тиетін қатты сөз айтып, жүрегін ауыртпасаңыздар екен. Өйткені, адам кейде ызадан да теріс қадамға барып жатады ғой. Тарқатып айтайын...

 

Қазір біз Алматы қаласындағы университеттердің бірінің үшінші курс студентіміз. Маржан екеуміз университетке түскен кезде танысқанбыз. Сол кезден екеуміз жақын құрбы болып кеттік. Жатақханада бір бөлмеде тұрамыз. Мен ақылы негізде оқимын. Ол мемлекеттік грантпен түскен. Өте білімді. Ешкім көз салмайтындай көріксіз де емес. Асып бара жатқан әдемі де емес. Өзіне жарасар сүйкімділігі бар қыз. Сабақты өте жақсы оқиды. Бірақ үстіне киген киімі жұпынылау болатын. Кейін келе білдім, әкесі жоқ, ауылда анасы мен өзінен бес жас кіші сіңілісі бар екен. Бірінші курста бір рет қыздармен қосылып киноға барған емес. Үнемі «сабаққа дайындалуым керек» деп қыздарға қосылмай қалып қоятын. Кейіннен ойласам, ол сабаққа дайындалу үшін емес, ақшасы болмағандықтан бізге қосылмай, жатақханада қалып қояды екен.

 

Екінші курста оқып жүргенде екеуміз үнемі бірге қыдыратын болдық. Талай рет киноға бірге барып жүрдік. Маржанның жалғыз анасының табысына қарап отырғанын білген соң көп жағдайда екеуміз үшін де ақшаны мен төлейтінмін. Алғашында қынжылыс білдірген. Бірақ мен «достардың арасында ақыласу деген болмауы керек» деп көндірдім. Содан кейін екеуміз апалы-сіңлілідей болып кеттік. Бір-бірімізден сыр жасырмайтын, жақын құрбы болдық. Екінші курс аяқталуға таяу қалған. Бір күні киноға барғанда басқа университетте оқитын Ғалымжан және Болат деген екі жігітпен таныстық. Ғалымжан Маржанды айналсоқтап, Болат менің қасымнан шықпай жүрді. Одан кейін жазғы демалысқа кеткенімізше төртеуміз талай рет бірге қыдырып, бірге киноға бардық.

 

Жаңа оқу жылы басталысымен-ақ Ғалымжан мен Болат келді. Көшеде қыдырып жүріп, демалыс кезде болған қызық жайлармен бөлістік. Асханадан тамақ ішіп шыққан соң Ғалымжан мен Маржан бөлек кетті де, біз Болат екеуміз бөлек қыдырдық. Уәделескен уақытта біздің жатақхананың алдында кездестік. Маржанның күлімдеген көздері бір қуаныштан хабар бергендей, жүзі жайнап тұр. Жігіттермен қоштасып жатақханаға кірдік. Маржан менің қолымнан жетектеп, бөлмеге қарай дедектетіп ала жөнелді. «Тез бөлмеге барайықшы, айтатын қуанышты жаңалығым бар» дейді. Менің ішім сезіп келеді. Бөлмеге кірісімен «Ғалымжан мені сүйіп қалғанын айтты, мен де келістім» деп мойныма асыла кетті. Бұл жаңалыққа мен де қатты қуандым.

 

Сол күннен бастап Ғалымжан мен Маржан бірге қыдырып жүрді. Ал біз Болат екеуміз. Кешке жатақханаға келген соң Маржанмен ұзақ уақыт сырласып жатамыз. Маржанның сөзінен байқағаным, ол Ғалымжанға ессіз ғашық болып қалған. Ғалымжанның да іс-әрекетіне қарап «ол да Маржанды шын сүйеді» деп ойлайтынмын. Қараша айы болатын. Сенбі күні Маржан Ғалымжанмен бірге туған күн кешіне кетті. Ертеңінде көңілсіз оралды. Мән-жайды сұрап едім Ғалымжанға ренжігенін айтты. «Өкінішке ұрындырар бір жағдай болмаса игі» деп бар жайды ашып айтуды өтіндім. Айтуынша, кеш барысында Ғалымжан ептеп ішіп алып, бос бөлмеге оңаша алып барып, «төсектес болайық» депті. Маржан келіспеген соң зорламақ та болған көрінеді.

 

Екі күнен кейін Ғалымжан келіп «сол күні мас болып қалыппын» деп кешірім сұрап, өлердегі сөзін айтып, «бірге қыдырып қайтайық» деп ұсыныс жасаған екен, Маржан нақты ештеңе демей, қыдырудан бас тартыпты. Бөлмеге келген соң төсектен тұрмай, ұзақ жылады. Не ақыл берерімді білмей дал болдым. Жұбатарға сөз таппадым. Содан кейін Ғалымжан бір апта бойы келмей қойды. Телефон да соқпайды. Маржанның күтіп жүргенін байқаймын. Жиі-жиі терезеге қарайды. Құрбымның күйін көріп қатты қиналдым. Ақыры шыдамым таусылып Болатбекке «Ғалымжанмен сөйлесші» дедім. Бірақ Маржанға ол жайлы ештеңе демедім.

 

Сол күні кешке Ғалымжан келіп, Маржанды ертіп, бірге қыдыруға кетті. Құрбым үшін қуанып қалдым. Бірақ кеш келген құрбымның жүзінен қуаныш табын байқай алмадым. Маржан Ғалымжанмен тағы да ренжісіп қалыпты. Сол баяғы... Кинодан шыққан соң Ғалымжан бір түнге пәтерді жалға алып, бірге болуды ұсыныпты. Маржан келіспеген. Шамасы Болатбек арқылы менің хабарласқанымды, «өзі хабарласты, енді айтқаныма көнеді» деп түсінген-ау. Сол үшін екеуінің арасында реніш болған. Сол реніштен кейін Ғалымжан келуді қойды. Телефон да соқпайды. Оған Маржан қатты қиналды. Болатбек келгенде «бірге қыдырайық» десем бізге ермейді. Болатбек Ғалымжанмен сөйлесіп, ақыл-кеңесін айтыпты. Бірақ Ғалымжан «менің жеке өміріме араласпа» депті.

 

Құрбымның қиналғанын көріп екі аптадай өткенде «өзің телефон соқсаң қайтеді?» дедім. Менен осы сөзді күтіп жүрген бе екен Маржан бірден телефонын алып, Ғалымжанға хабарласты. Екеуі еркін сөйлессін деп бөлмеден шығып кеттім. Біраз уақыттан соң қайта келсем Маржан көңілді отыр екен. Жарасқанын сезіп қуанып қалдым. Сол күннен бастап екеуі қайта табысып кетті. Бірақ бұл табысу ұзаққа созылмады. Бір күні Болатбекпен қыдырып, кешке бөлмеге келсем, Маржан төсекте жылап жатыр екен. Жұбатпақ болып, «тағы ренжісіп қалдыңдар ма, ертең-ақ жарасасыңдар» дедім. «Болды, бәрі бітті» деді Маржан. Не жағдай болғанын сұрадым...

 

Сабақтан соң бір шаруаларымен Маржан сауда орталығына барған. Сол жерде Ғалымжанның бір қызбен жүргенін көреді. «Жай танысы болар» деп ойлап, Ғалымжан мен бейтаныс қыздың қасына барады. Ғалымжан Маржанды қасындағы қызға «туысқан қарындасым» деп таныстырады да, «сыртта күте тұр, мен қазір барам» дейді. Не істерін білмеген Маржан сауда үйінің алдында Ғалымжанды біраз тосады де, шыға қоймаған соң телефон соғады. Көп күттірей, Ғалымжан жалғыз өзі шығады. Маржанды шеттеу жерге алып шығып, «Жаңағы менің жүретін қызым. Ол мені сүйеді. Айтқанымды екі етпейді. Төсектес болуға да қарсы емес. Сен сияқты кергімейді. Үстіңе киер бір түзу киімің жоқ, неңе кеуде соғасың? Сенің пәктігің кімге қажет? Сол пәктігіңді сатып ақша тапқалы жүрген шығарсың?!» деп неше түрлі ауыр сөздер айтып намысына тиеді.

 

Сол жағдайдан кейін Маржан күрт өзгерді. Меннен де бойын аулақ ұстайтын болды. Жалғыз қыдыруды шығарды. Бір күні ішімдік ішіп келгенін байқадым. Оның бұл ісінің дұрыс емес екенін айтып едім, «мына өмірде ақшаң болмаса ешкім емессің. Жастық шақта ойнап-күлу керек» деді. Бұл мүлде басқа Маржан еді. Қанша сұрасам да ол күні ештеңе айтпады. Ертеңінде білдім Маржан жасы үлкен бір кісімен кездесіп жүр екен. Айтуынша, өте бай адам. «Көңілдес болуға келіссең, бар жағдайыңды жасаймын» депті. «Егер пәк болсаң, ол үшін пәтер сыйлаймын» деген көрінеді. «Сол кісінің ұсынысын қабыл алсам ба деп жүрмін» дегенде, не дерімді білмей, тілім күрмеліп қалды. Маржанның сабырлы үнінен бұл сөзінің ойын емес, шын екенін анық ұқтым. Оның бәрі уақытша, алдамшы дүние екенін, онымен бақытты бола алмайтынын, бұл райынан қайтуды айтып, Маржанды иландыра алмадым. Бәлкім жеткізе айта алмаған шығармын?! Бәлкім Маржанның жүрегіне жетер қажетті сөздерді сіздер тауып айтарсыздар?!

 

 

Айман, Алматы

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста