Отбасы - ошақ қасы

Құрбым тойына туған анасын шақырмады

  • Құрбым тойына туған анасын шақырмады

    Құрбым тойына туған анасын шақырмады

 Колледжде бiрге оқыған курс­тас қыз күз басында тұрмыс құрды. Ауқатты әкесi аянып қал­ған жоқ. Жасауын қымбат дүниемен толтырды.Мейрамханада аста-төк той жасап бiр шалқытты. Ше­шесi де жарқырап, жасау-жабдығын, қыздың киiм-кешегiн, көрпе-төсегiн түгендеп зырылдап жүрдi. Не керек, кiсi қызығарлықтай көрiнiс едi бұл. Сырт қараған адам­ға төрт құбыласы түгел бой­жеткеннiң ұзатылу тойы екенi рас.


Күндестің маған қылғаны өз қызының басына келді


Бiрақ тойда құрбымның нағашыларынан бiрде-бiр адам жоқ, анасын да көре алмадым. Құр­бымның әкесiнiң қасында өгей шеше жайнаңдап жүрдi. Шалғай ауылдың бiр түкпiрiнде – қамсау үйде күйбең тiрлiк кешiп жатқан туған анасын еске алып, көңiлiм күйзелдi.


Мен бұл отбасын жақсы бiле­тiнмiн, Ақтөбеде пәтер жалдап, мектепте еден жуушы болып жұмыс iстейтiн анасы құрбымның колледждегi оқу ақысын төлеу үшiн оны жатақханаға тастап, ауылға бай шаруаның малын қарап, сиырын саууға жалданып кетiп едi. Сол кезден бастап құрбым шешесiне өшiге бастады, айтатыны: “16 жасымда жалғыз өзiмдi қалаға қалдырып, өзiң та­йып тұрдың”. Жатақханада бiрге тұрғанымызда, анасының такси жүргiзушiлерiнен үнемi берiп жiберетiн қаймақ-майын, қуырдағын ашқұрсақ жүрген күндерi­мiзде азық қылғанымызды қалай ұмытайын?! Жарытып ақша жiбере алмаған шығар, елдiң қыздары сияқ­ты әдемi киiм кие алмаған шығар, бiрақ та екеуiмiз аш болған жоқпыз. Екеумiз деп отырғанымыз – менiң әке-шешем жоқ, тас же­тiммiн. Жетiмдiк пен өгейлiктiң не екенiн құрбымнан гөрi жақсырақ сезiнемiн. Колледждiң соңғы жылында құрбымның ес бiлмеген кезiнде тастап кеткен әкесi тап болды. Әкесiн тапқан соң құрбым мал басындағы анасынан да алшақтай бердi. Осынысы үшiн де құрбым екеуiмiз жиi сөзге келiп қалатынбыз. Ақыры өмiр жолымыз әртүрлi болды ма, әлде көзқарас алшақтығымыздан ба, екеумiздiң жолымыз екiге айырылды. Бiлетiнiм, құрбым Ақтөбедегi дәулеттi әкесiнiң қолына кетiп қалды. Мен де байланысымды үздiм. Ендi мiне, арада 5 жыл өткенде, тойына шақырту алып, келiп отырмын.


Той басталмастан бұрын жұрт­қа естiртпей: “Жамал апай неге келмедi?” дегенiмде, құрбым ыршып түстi, бiрдеңенi сылтауратып, бұрылып кете бердi. Сол кезде атшаптырым мейрамхана тар көрiнiп, самаладай жарқыраған шамдар күңгiрт тартқандай, несiн айтайын, көңiлiм құлазып сала бердi. Той алдында Түркияға барып, киiм-кешек пен дүние-жасау iздегендерiн қонақтарына сампылдап айтып жатқан өгей шешенi де көргiм келмедi. Мейрамхананың алдында сыйлы қонақтарын асыға күтiп, тықыршып тұрған әкесiнiң тоқмейiл кескiнiн де көргiм келмедi. Тола жұрттың көзiнше бiрден кетiп қалу да ыңғайсыз. Ақыры той басталды. Аста-төк дастарқанға қолымды да созғым келмедi, тамағымнан ас өтпедi. Ретiн тауып шыға жөнелдiм. Қыркүйектiң түнi өте суық, жұқа күртешемнен ызғар өтiп барады. Жамал апайымның сәлемдеме­лерiн таситын Ойылдың таксистерi бар ма екен? Орталық базардың сыртында тұратын едi ғой олар. Ертең барып, баяғы таныс жүр­гiзу­шiлер тұрса, апайымның жағдайын сұрайын, қызының тұрмысқа шығып жатқанын бiле ме екен? Әлде жоқ-жұқа тiршiлiгiнен қомсынып тойға келуден өзi де бас тартты ма екен?


Бұл кiсiлердiң есiмдерiн өзгер­тiп жаздым. Бәрiмiз бiр қалада өмiр сүрiп жатырмыз ғой…


Аноним 




Көрілген: 1785    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.12.2018, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31