Отбасы - ошақ қасы

Құрбымды әр көрген сайын солып бара жатқан гүлді көргендей боламын

  • Құрбымды әр көрген сайын солып бара жатқан гүлді көргендей боламын

    Құрбымды әр көрген сайын солып бара жатқан гүлді көргендей боламын

 Мен сіздердің сайттарыңызды үзбей оқып отырамын. Біраз қыздардың «тарихымен» таныспын. Әркім жүрек түкпіріндегі сырларымен бөліседі.Менің аты-жөнімді анонимді түрде берсеңіздер екен. Ауылдық жерде тұрамын. Тұрмыстамын, 2 балам бар. Өзім емес, құрбым жайында айтайын дегенмін. Құрбым жастай 15 жасында тұрмысқа шыққан. Қазір жасы 24-те  Екі баласы бар.Үлкені 2-сыныпта оқиды. Айтайын дегенім, құрбымның күйеуі «бабник» жүрген. Қыздармен сөйлеседі, бір етекті құр жібермейді. Құрбым үйінде бәрін істейді. Ата-әжесіне қарайды. Мал қарайды, балалары бар. 

Ал күйеуіне не жетпейді, түсінбеймін. Жақында тіпті телефонынан фото қарап отырып бір қыздың фотосын көрдік. Көп фото.Ватцап мессенджері арқылы келген.Содан ватцабын тексеріп қарасақ, жазысқан хаттарын көрсеңіз,сол жерде құрбымның күйеуін өлтіре салғым келді. Ол бәрін біледі. Қалай шыдайтынын білмеймін. Арада баламыз бар, кеткенде қайда барып сиямын баламен дейді құрбым мұңайып. Уайымнан болар, өзі де қатты әбіржіп кеткен. Ерте тұрмысқа шығып,үйде отырып қалғасын шығар, қатарына қарағанда тым ересек көрінеді. Өмірдің өзі қатайтып жібергендей.Құрбымды әр көрген сайын солып бара жатқан гүлді көргендей боламын. Сіздер не айтасыздар?
 




Көрілген: 947    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.05.2020, 10:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31