Отбасы - ошақ қасы

Құрбысымен бір үйге келін болып түскен келіншек мұңын шақты

  • Фото: bravotv

    Фото: bravotv

Сүйгенімен көзбе-көз кездесуден қорыққан бойжеткен қасына жеңіл жүрісті құрбысын ертіп алғаны үшін өкінгенін айтты. Себебі көп ұзамай екеуі де бір үйдің босағасын аттап, абысын атанған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


"Күйеуіммен осыдан бірнеше жыл бұрын агентте танысқан едік. Бір ай бір-бірімізді көрмей араласып жүрдік. Бір күні ол менімен жүздескісі келетінін айтып кездесуге шақырды. Мен жалғыз баруға қорқықтым. Бір жағынан толқу да болды. Сол сәтте КазГудың жатақханасында бірге тұрған Гүлжан есімді құрбымды ертіп алдым. Ал сөйлесіп жүрген жігітім өзінің туған бауырын алып шығыпты. Сол күні кездесуге басқаны емес Гүлжанды ертіп алғаным үшін өкініп қалдым", - дейді келіншек.


Әйел адамның айтуынша, ол құрбысының жеңілтек қыз екенін білген. Қалталы азаматтарға көз тіксе, дегеніне жетпей қоймайтын мінезі де бар еді. Келіншек соған қарамастан құрбысын жанынан қалдырай жүргені үшін өкініп қалған.


"Гүлжан жігіттерді апта сайын ауыстырып отыратын. Оның кіммен жүріп, кіммен, айырылысып кеткенін ұғып үлгермейтінбіз. Сонымен не керек, жігіттермен кездескен күні мен сөйлесіп жүрген азаматыма ғашық болдым. Ал ол мені ұнатып қалды. Солай екеуіміз кездесе бастадық. Гүлжан мен болашақ қайын ағам да бізден қалыспай, бірден жұп болып алды.

Келіншек құрбысының жігіті барына қарамастан өзгелермен танысып, кездесуден жалтармағанын да сөз етті.


"Азатты аяйтынмын. Гүлжан басқа жігіттермен ауыз жаласып жүре беретін. Ал ол болса бәрінен бейхабар еді. Көп ұзамай Гүлжан екеуіміз бір уақытта бір үйдің келіні атандық. Десе де басымыз бір қазанға сыйған жоқ. Шынымды айтсам Азматтың оны қалай жар етіп таңдағанын білмеймін. Гүлжан өзінен басқа ешкімді ойламайтын бейқам адам . Оған қоса қыз емес еді", - дейді кейіпкер.


Бүгінгі таңда қайын ағасы мен абысынының арасында дау-дамайлардың таусылмайтынын айтқан келіншек олардың ажырасқанын қалайды екен. Әйел жеңіл жүрісті абысынның жеті жылда еш өзгермегенін, күйеуіне бала сыйлаудан қашып жүргенін айтып, мұңын шақты. 




Көрілген: 3786    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.04.2019, 21:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Желтоқсан, 12:24
    Тоқал алу сән болды
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31