Отбасы - ошақ қасы

Күйеуі 5 қыз босанған әйелін ұл тумағаны үшін соққыға жыққан

  • Күйеуі 5 қыз босанған әйелін ұл тумағаны үшін соққыға жыққан

    Күйеуі 5 қыз босанған әйелін ұл тумағаны үшін соққыға жыққан

2021 жылдың өзінде жасөспірімдерге қатысты 2 614 қылмыстық іс тіркелді. Сонда күн сайын 7 бала зиян шеккен. Отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын алу шараларын күшейтуіміз керек, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Динара Закиева. Бұл туралы Informburo.kzInformburo.kz басылымы хабарлайды. 
«Дағдарыс орталығына барған кезде отбасында зорлық-зомбылық көрген 5 әйелмен кездестік. Солардың біреуін құшақтай берген кезде оның мені мүлдем көрмей тұрғанын түсіндім. Жас келіншекті күйеуі көзі көрмей қалғанша ұрған. Екінші әйелді күйеуі 5 қыз баланы дүниеге әкеліп, арасында бірде-бір ұл бала болмағаны үшін ұрған. Сот оларды ажырастырды, бірақ бес баламен қайда барады? Өзі де, бұрынғы күйеуі де жұмыссыз. Үшіншісі – еңбектеген баласы бар жас келіншек. Баласы бізге былдырлап сөйлеп жүр, өзінің тағдыры қаншалықты ауыр екенін әзірге білмейді. Әлемнің қаншалықты қатал болуы мүмкін екенін түсінбейді. Бұл баланың әкесі де жас әйелді ұрған. Мені әйелдің мұңайған көздерінде әлі де үміт отының бар екені таңғалдырды», – деді Еуропа мен Орталық Азиядағы БҰҰ әйелдер өкілі Мария Доценко.
Сондай-ақ, ол дағдарыс орталығында әйел мен баласы үшін барлық жағдайдың жасалғанына тоқталып өтті. Айтуынша, сонда жұмыс істейтін азаматтар әрі қарай не істеу керегін нақтылап түсіндіріп береді.

Мұнымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Динара Закиева әйелдер мен жасөспірімдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтқару үшін «111» қызметі мен дағдарыс орталықтары туралы ақпараттарды таратудың маңыздылығына тоқталды.

«2015-2017 жылдармен салыстырғанда әйелдерге тұрмыста зорлық-зомбылық көрсету қылмыстары 2 есе өсті. Сондай-ақ, жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыстар саны да артты. 2021 жылдың өзінде жасөспірімдерге қатысты 2 614 қылмыстық іс тіркелді. Сонда күн сайын 7 бала зиян шекті деген сөз. (…). Алдағы бес жыл ішінде 234 отбасын қолдау орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Биыл мұндай 35 орталық ашылды», – деді Динара Закиева.




Көрілген: 1601    Пікірлер: 0

сенбі, 27.11.2021, 09:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қаңтар, 01:49
    Қашып кеткім келеді
    12 Қаңтар, 10:33
    Нәпсіге ерік беріп...
    27 Желтоқсан 2021
    Пышақ кезенген перзент...
    21 Желтоқсан 2021
    Бұл махаббат па...
    20 Желтоқсан 2021
    Досымның әйелімен...
    15 Желтоқсан 2021
    Сүйем деді, күйем деді
    13 Желтоқсан 2021
    Жоғалып табылған қыз
    12 Желтоқсан 2021
    Қорлығына шыдай алмадым
    16 Қараша 2021
    Әйелімді қимаймын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31