Отбасы - ошақ қасы

Күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың пәктігін мәжбүрлеп тексерген

  • https://upl.uz/

    https://upl.uz/

Өзбекстанның Хорезм облысында күйеу жігіттің туыстары жаңа түскен қалыңдықтың пәктігін тексерген. Бірнеше әйел қызды мәжбүрлу түрде тексеру рәсімін өткізіп, оны видеоға түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі UPL.uz-ке сілтеме беріп.

 

Оқиға биыл 7 қазанда Үргеніш қаласында болған. Ал видео қараша айының соңында желіде жарияланған.

 

Белгілі болғандай, үйлену тойынан кейін күйеу қалыңдықтың "адалдығына" күдіктенген. Содан кейін қызға "сараптама" өткізуді жөн көрген.  Тексеру барысында қалыққа тіл тигізіп, тергеген.

 

Қыздың өгей әкесі видео бопсалау мақсатында түсірілген деп санайды.

 

"Түсіндіруге қиын заттар болды. Бәрі алдын-ала жоспарланғаны анық. Түнгі уаққытта ауылда медициналық қолғап қалайша табылып қалды? Жарайды, бұған көз жұмайық. Бірақ интернетте видео жариялағаннан кейін олар барлық хорезмдіктерді ұятқа қалдырды. Маған тіпті Түркиядан қоңырау шалып, көмек ұсынып жатыр", - дейді Нуриддин Рахимов.

 

Өгей әкесінің айтуынша, күйеу жігіт осыған дейін зорлық үшін сотталған, қалыңдықтың отбасы бұл туралы үйлену тойынан кейін ғана білген. Сондай-ақ, ер адам күйеу жігіттің үйлену тойына ақша талап еткенін, оларға ақша бере алмағаннан кейін видеоны желіде жариялағанын айтты.

 

Басылымның ақпараты бойынша видео түсіргендер қамауға алынған. Тергеу тоғыз адамға қатысты жүргізілуде.

 

 

 




Көрілген: 3756    Пікірлер: 0

сенбі, 28.11.2020, 14:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қаңтар, 14:07
    Ойнап жүріп от бастым
    29 Желтоқсан 2020
    Құрбым қыздарға құмар...
    20 Желтоқсан 2020
    Махаббат, махаббат деп...
    10 Желтоқсан 2020
    Жігіттер сенетін 6 өтірік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31