Отбасы - ошақ қасы

Күйеуі мен енесі тарапынан қысым көрген шымкенттік келіншек микроинсульт алды

  • Күйеуі мен енесі тарапынан қысым көрген шымкенттік келіншек микроинсульт алды

    Күйеуі мен енесі тарапынан қысым көрген шымкенттік келіншек микроинсульт алды

Шымкентте отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде 27 жастағы келіншек микроинсульт алды. Бұл туралы «Заң талабы» қоғамдық бірлестігі өкілдері мәлімдеді.

27 жастағы Айгүл (есімі өзгертілген) тұрмыс құрғалы бері күйеуі мен енесі тарапынан біраз қысым көргенін айтып, қоғамдық бірлестіктен көмек сұраған. Келіншектің айтуынша, жолдасы мас күйінде кәмелетке толмаған балаларының көзінше оған жиі қол көтерген. Тіпті ата-анасымен, туған-туыстарымен байланысуға тыйым салған екен. Ал, үй шаруасындағы тірлік дұрыс атқарылмаған күндері енесі сес көрсетіп, ұрудан да тайынбайтынын айтады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған келіншек ата-анасының үйіне барудан да қорыққан. Өйткені ол жақтағы жағдай да мәз емес. Айгүлдің әкесі ішкілікке әуес. Екі баласының толыққанды отбасында өсуін қалаған әйел осылайша таяқтың астында өмір сүруге мәжбүр болған. Алайда соңғы ұрыста Айгүл микроинсульт алып, артынша ажырасуға арыз жазған.

Ал, Түркістан облысында күйеуі туған баласын әйелінен зорлықпен тартып алған. Қоғамдық бірлестіктен көмек сұраған 32 жастағы Айман (есімі өзгертілген) жолдасынан біраз зардап шеккендігін айтады. Талай мәрте күш көрсеткен күйеуі тіпті қабырғасы мен мұрнын да сындырған екен. Келіншектің айтуынша, ол отбасын өзі асыраған. Ал, жолдасы жұмыссыз болған. Арасында несие алуға мәжбүрлеп, ақшасын тартып алған.

Айман күйеуінің екінші әйелі мен баласы барын естігенде ажырасу туралы шешім қабылдаған. Алайда, келісімін бермеген жолдасы әйелінің барлық құжатын тартып алып, үйінен қуып шығарған. Айман қоғамдық бірлестікке келіп, заңгерлерден көмек сұрауға мәжбүр. Өйткені, күйеуі құжаттардан бөлек, баланы да өзінде алып қалған. Заңгер мен жергілікті учаскелік құқық қорғау қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде бала анасына қайтарылды. Сонымен қатар, қоғамдық бірлестік мамандары алдағы уақытта Айманға соттағы неке келісімін бұзу және алимент өндіру істері бойынша көмек көрсетпек. 

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан




Көрілген: 3434    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.12.2020, 11:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты
    15 Ақпан, 09:12
    Күйеу үшін күрес...
    28 Қаңтар, 23:28
    Құрбыма жаным ашиды
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31