Отбасы - ошақ қасы

Күйеуді асырағаннан шаршадым

  • Күйеуді асырағаннан шаршадым

    Күйеуді асырағаннан шаршадым

 Күйеуге шыққаныма жеті жыл. Күйеу мені бағып жатқан жоқ. Мен оны бағып жатырмын. Ауылда жұмыс жоқ деп, аузын құр шөппен сүртеді. Көрші-қолаңның бітпей жатқан жұмыстарын бір жартыға жасайды.
Анасы сияқты бағудан жалықтым. Үйде иіліп жерден шыбық алмай, көршінің есігінің алдын жылан жалағандай етіп тазалайды. Есік алдындағы шөптің өзін ормайды. Құр сөйлетеді. Адам деп, əңгіме айтсаң, мені мазақтап отырады. Ақылы келте адам кекетіп-мұқатқанға ұста болады екен. Жұмыстан шаршап келгенде жүйкемді жейді. Шаршадым...
Балаларды өзім үшін өмірге əкелгендей сезінемін. Балалар не жейді? Не ішеді? Оған бас қатырмайды. Өзінің бір жартысы табылса, құлағы тыныш болғаны жақсы. Махаббат қарын тойғызбайды деген рас-ау. Көңілімдегі сезімнен бүгін түк қалмаған...
Табыс таппағанына да көнер едім.Ішімдік ішпесе.Ішімдік ішкенімен тұрмай ,дүкенен қарызға алып ішетінді шығарды.Айлық алсам, көрші келіншек "қарызыңызды қашан қайтарасыз?"-дегенде" не қарыз?"-деп таң қалғанмын.

Сөйтсем күйеуім күнде арақты қарызға алып іше береді екен.Жартысынан көп айлығым қарызға кетіп, бала -шағамның аузындағысын жырып бергеніме үйге налып келдім.Оны көрген алты жастағы қызым:"анашым қапаланбашы,ертең біз өскесін жұмыс істеп, көмектесеміз.Сізді отырғызып қоямыз. Емдетеміз,Ербол екеуміз "-дегенде еріксіз жылап жбердім.
Тек осылар үшін ғана өмір сүру керек екенімді түсіндім.Балаларым аман болсын!

Аноним 




Көрілген: 725    Пікірлер: 0

сенбі, 23.05.2020, 17:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30