Отбасы - ошақ қасы

Күйеуден қайтқан əйел болған соң тілім қысқа

  • Күйеуден қайтқан əйел болған соң тілім қысқа

    Күйеуден қайтқан əйел болған соң тілім қысқа

Сəлеметсіздер ме, "Сырласу" клубы. Мен өз басымнан өткен нəрсені айтып өтейін. Барар жерім, басар тауым жоқ бейбақпын. Анам ғана бар. Оның өзін біреулер қарап отыр.  Анамның мамандығы - есепші. 

Анам 1988  жылы бір мекемеде жұмыс істеп  жүргенінде есептен  қателесіп, содан істі  болған. Сол күннен ауру. Өзіне-өзі қарай алмайды.  Туған сіңілсінің қолында. Өзіме келер болсам, ішкенім - ірің, жегенім - желім. Күйеуге шыққалы мені бір уайым жеп барады.

  Алдын екі рет күйеуден дəм-тұзымыз жараспай үйге келген едім.  Мынау, үшінші рет барған жерім. Үйде екі бірдей күйеуден қайтқан əпкелерім бар. Түк жұмыс жасамайды. Ауылда жұмыс жоқ деп, ауыздарын құр шөппен сүртуге дағдыланып алған.  Мінезге жарымаған. Көгеріп, ұрыс іздеп отырады.

  Мен ауылда балабақшада тəрбиеші болып жұмыс істеймін. Алатын айлығым отыз мың ғана. Айлық алған күні үйде қып-қызыл  ұрыс болады. Өзім тапқан ақшаны өзіме жұмсатпай ақшамды тартып алатынынан əбден зəрезап болдым. Жолдасыма айтудан қажыдым. Үстіме ілер жөні түзу бір киімім жоқ.   Киім алуға бір тиын бермейді. Енем қыздарын жақтайды. Маған сөйлеуге, əдемі киінуге рұқсат жоқ.  Күйеуден қайтқан əйел болған соң тілім қысқа.  Сəл бірдеңе десем, əпкелерім жұлуға дайын. Бір-екі рет жұлды да. Бəрін тастап кеткім-ақ келеді. Қағар есікті қайдан табам?  

Сөге жамандамаңыздар.Сырымды бөлісетін ешкімім жоқ.Тек шер тарқатып алу үшін ғана жазып отырмын.Адам маңдайға жазғанан қашып ешқайда құтыла алмайды екен.Анам қыз тапқанда осылай үш күйеуге тиеді деп ойламаған да шығар...






Көрілген: 7550    Пікірлер: 0

жұма, 04.12.2020, 20:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты
    15 Ақпан, 09:12
    Күйеу үшін күрес...
    28 Қаңтар, 23:28
    Құрбыма жаным ашиды
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31