Отбасы - ошақ қасы

Күйеуден қайтып келген қызын үйіне кіргізбей қойған әкеге іс қозғалды

  • http://topolya.org/

    http://topolya.org/

Павлодар тұрғыны күйеуімен жанжалдасып, үйіне оралмақ болған туған қызын кіргізбей қойды. Бұл жайт туралы облыстық полиция департаменті өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

 

Департаменттің мәліметінше, 23 наурызда павлодарлық әйел полицияға әкесі үйіне кіргізбей жатқанын айтып, шағымданған.

 

Учаскелік инспектор оқиға орнына барған.

 

Инспектор шағым түсірген әйелдің күйеуімен жанжалдасып, ата-анасының үйіне қайтып оралмақ болғанын анықтайды.

 

Әйелдің бұл әрекеті оның жақындарына ұнамаған. Сондықтан әкесі қызын кіргізбей, күйеуіне қайтып оралуын талап еткен.

 

Салдарынан үйдің подьезінде қызы мен әкесінің арасында жанжал туындайды.

 

Учаскелік инспектор жанжалдың барлық қатысушыларымен және көршілерімен әңгімелесіп, нәтижесінде әйелдің әкесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлімі бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін әкімшілік іс қозғалған.

 

"Материал сотқа жіберілді", - дейді Павлодар қаласы орталық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Рустам Серғазинов.

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1965    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 17:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Мамыр, 22:21
    Қызыма әке керек
    29 Сәуір, 11:07
    Ананың ақылы...
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана
    29 Наурыз, 12:42
    Баламның әкесі басқа

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31