Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім басқа әйел тауып алам деп қорқытады

  • Күйеуім басқа әйел тауып алам деп қорқытады

    Күйеуім басқа әйел тауып алам деп қорқытады

Менің мəселем күйеуім. Маған дейін ол 5 ж бұрын ажырасып кеткен болатын. Бірінші əйелді үй іші жəне өзі тек жамандаумен болды, əйелі дұрыс болмаған соң ажырасқан шығар деп ойладым. Жақсы еркектен əйел кетпейді деген сөз рас сияқты.
Біз үйленген соң 1 айдан соң өнерін шығара бастады, кемсіту, ар-намыска тиетін сөздер айту, қарсы сөз айтсам ұрып өлтірем деп шығады. Негізі мен өзім сабырлы адаммын, соның өзінде шыдай алмай кетем, жағынды сындырып салбыратып жіберем, шешең оңбаған,əкең жынды, бауырларың ақша десе өлген, сендердің отбасыларың біртүрлі, деген сөздер көп айтылатын, одан қалса, қарғайды.

1,5ж бұрын ажырасып, қайтып қосылдық:  Содан кейін де сол баяғы ұрыстар қозғалып, өткен реніштерді əр ұрыста қозғай бергеннен менің жүйкем қозып кететін болды. Сабырлы адамнан жүйкесі тозған адамға айналдым. Əр ұрыстан соң аузына келгенін айтып алып, 2-3 сағаттан соң кешірім сұрайды осы жағдай 100 рет қайталанды. Жұмыс жасайды тапқан табысы тек кредит төлеумен кетеді, мен жұмыс істеймін, күйеудің мойнында отыратын əйел емеспін. Декретте отырғанымда өзім керек жарағыма керекті сумманы тауып отырдым. Ақша сұрасам сөйлеп əрең берген соң жұмыс істеп, ақша табудың қамын ойлап жүрдім. Қалай ойлайсыздар ондай адамдар өзгере ме? Адамды қорлап, миыңды трубочкамен соратын, өмірге əрдайым негативпен қарайтын, өзінің барлық сəтсіздіктерін жанындағы адамдардан менен, үкіметтен, презденттен көретін адаммен қалай өмір сүруге болады. Кеше былай дейді, мен ағамның үйін квартиранттарға тапсырғанмын, соның жарты ақшасын маған қарызға сұрап бер деп айтты, мен осыдан 1 ай бұрын ақша сұрағанмын,  мамамнан ақша сұрадым ұлымның тісін емдетуге, ол үшін кредиттер алып бердім (үлкен сумма емес 500 мың ), квартиранттардың ақшасын қарызға алып бермегенім үшін сен маған жаның ашымайды, мен өзіме жаны ашитын қатын тауып аламын, маған млн-дап кредит алып беретін, сенің Алла жазаңды береді деп қарғайды. Мен айттым тағдырыма жазылғанды көремін, сенің айтқаның емес, Алланың дегені болады дедім. Білмеймін өзім ешкімді алдамаймын, бір жаман жерім бұрын ренжіткен, сыртымнан өсек айтқан адамдарға суып кетем жүрегім жылымайды, хабарласпаймын. Болмысым солай. Ажырасу керек сияқты. 




Көрілген: 3108    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 16:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты
    15 Ақпан, 09:12
    Күйеу үшін күрес...
    28 Қаңтар, 23:28
    Құрбыма жаным ашиды
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31