«Күйеуім басқа еркекпен көзіме шөп салды»: Шымкенттік келіншек мұңын шақты

25 қазан 2021, 23:48

Шымкент қаласының тұрғыны Гүлбира Юлдашова күйеуімен 10 жыл отасқан. Алайда күйеуі көзіне шөп салады деген ой үш ұйықтаса да түсіне кірмепті. Оның үстіне күйеуі көңілдес ретінде әйелді емес, ер адамды таңдаған, деп жазады Express Qazaqstan.

 

Express Qazaqstan тілшісімен сұхбаттасқан ол 2007 жылы тұрмысқа шыққанын айтты. Содан кейін төрт балалы болған. Үлкен балалары 13 және 12 жаста.

 

10 жыл отастық. Ортақ бизнесіміз бар еді. Ол мүлік бағалайды, адамнан басқасының бәрін бағалайды деуге болады. Осы жылдар бойы оған көмектесіп, оқысын деп, жұмысына лицензия алсын деп, туыстарымнан қарыз алып, көмектескен едім, — дейді ЮЛДАШОВА.

 

Алайда, Гүлбираның бұл жақсылығы зая кеткен сияқты.

 

2017 жылы Алматыға көшу керек дегенді айтты. Мен көшпеймін дедім. Сосын мені Шымкентке жалғыз тастап, өзі Алматыға кетті. Сылтауы — ол жақта бизнес мол табыс әкеледі, — дейді жағдайды еске алған әйел.

 

Осылайша, ерлі-зайыптылар екі түрлі қалада өмір сүрген. Балалары жазғы демалыс кезінде Алматыға барып, әкелерін көріп тұрған. Күйеуі басқа қалаға көшкеннен кейін Гүлбираға "бәлкім жолдасым көзіме шөп салып жүрген шығар деген" ой маза бермейді.

 

Сөйтсем, күйеуім басқа ер адам тауып алыпты, ол "көгілдір" болып шықты, — дейді ашынған әйел.

 

Күйеуінің теріс жырныстық бағытты ұстанатынын Гүлбира балалары бір демалыстан оралған соң білген екен.

 

Үлкен балаларым күніне бес уақыт намаз оқиды. Бір күні таңғы намазға тұрғанда, әкелері тырдай жалаңаш басқа еркектің қойнында жатқан. Ол еркек те анадан жаңа туғандай жалаңаш жатқан, — дейді Гүлбира.

 

"Қылмысының" үстінен түскен соң, ер адам балаларын алдап, аналарыңа айтпаңдар деп өтінген.

 

Балаларым ұстап алған кезде, оларға жаңа iPhone мен электросамокат алып беремін деген. Бірақ, есесіне, маған ештеме айтпаңдар деп жалынған. Балалықпен әрине олар келіскен. Маған тіс жармады. Оның үстіне ана ер адам екі баламды қорқытыпты, — дейді Юлдашова.

 

facebook.com

 

Осылайша, Алматыда жүрген әкесі үлкен балаларына су жаңа iPhone 11 телефонын, кішілеріне Samsung маркалы телефон алып берген.

 

Бәрін білген соң, әрине, жанжал шығардым. Көңілдесіңмен балалар жоқта кездессең қайтеді деп, айқай салдым. Балалар үшін бұл үлкен психологиялық соққы емес пе!? Оның үстіне үлкен ұлым кеше ғана тағы бір қорқынышты жайтты айтты.

 

Күйеуімнің "кездесіп" жүрген жігіті небары 2000 жылғы екен және ол 2007 жылы туған ұлыма да "қырындап", оның жыныс мүшесіне қол сұғыпты. Балаларымның психикасын құртты. Міне, екінші күннен бері ес жия алмай жатырмын, — дейді Гүлбира.

 

Бұл отбасындағы шытырман оқиға көзге шөп салумен таусылмайтын сияқты. Гүлбираның айтуынша, күйеуі оның туыстарына 30 миллион теңгеге жуық ақша қарыз. Соны қайтар деп полицияға арыз жазғанда, жолдасы әйелі мен бауырының үстінен кері арыз түсірген. Яғни Ресейдің тіркеуінде тұрған көлікті әйелі мен балдызы ұрлап алды деген мазмұнда арыз жазған.

 

Қазір осы отбасының мүшелеріне қатысты бірнеше сот жүріп жатыр.

 

Оның көлік ұрлығына қатысты арызы бойынша мен және бауырым, ал менің арызым бойынша оған қатысты алаяқтық бабымен іс жүріп жатыр. Ең қызығы, қазір ол жап-жас көңілдесін ертіп, Түркияға демалысқа кеткен, — дейді ашу қысқан әйел.

 

facebook.com

 

"Жолдасыңыз теріс жыныстық бағыттағы адам екенінен бұрын күдіктендіңіз бе?" деген сұраққа Гүлбира күдіктендім деп жауап беріп отыр.

 

Баяғыда бір рет телефон арқылы біреумен қылмыңдап тұрғанын байқадым. Қарасам, ер адаммен сөйлесіп жатыр екен. "Сен жігіттерді жақсы көресің бе?" дедім. Бұл енді үйленген кездегі оқиға еді. 10 жыл ішінде 4 бала тудым, бірақ жаныма дұрыс жатпайтын, — дейді әңгімесін түйіндеген ол.