Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім екінші рет көзіме шөп салды

  • Күйеуім екінші рет көзіме шөп салды

    Күйеуім екінші рет көзіме шөп салды

 Сәлеметсіздер ме! Мен не істерімді білмей осында жазып отырмын! Куйеуіммен 3 жыл жүріп уйлендік. Ата-енем өте жаксы, қолдау көрсетеді үнемі, 2 бөлмелі үй алып берген, ақшалай да жәрдемдесіп тұрады.

Мәселе күйеуімде болып тұр. Жақында ол 2 айга оқуға кеткен басқа қалаға, 1 ай болды, кеше сол жақта жүріп көзіме шөп салғанын біліп қойдым. Бұр бір рет емес, соымен екінші рет қайталанып тұр. Бір жыл бұрын осындай жағдай болған. Мен оның телефоннан басқа қызбен не жайында сөйлескенін біліп қойдым. Арамызда бір бала болған соң кешірдім. Арада біраз уақыт өткен соң екінші баламызды көтердім. Енді міне, отбасымыз тағы қыл үстінде тұр

Басқа қалаға кетіп бара жатқан кезінде «Екінші рет басқа қыз-келіншектермен көңіл көтергеніңді білім қалсам, бізді көрмейсің, кешірмеймін деп айтқанмын. Мен оған айтпай, қайда жүргені көрінетін, оған келген смс, ватсап хабарламалары маған да келетін программа жазып қойғанмын. Біз осыдан біраз уақыт бұрын аздап рендісіп қалған едік, бір апта сөйлеспей жүрдік. Оның туған күні болған соң бірінші болып өзім хабарластым, бірақ ол тіпті телефонын көтермеді. Ол туған күнінен кейін 2 күн өткенде басқа қызбен болғанын біліп қойдым. Енді не істерімді білмеймін. Әке-шешеме кетеін десем. Олар бір Екінші балам қазір 4 айлық. Кетпейін десем ішім өртеніп барады, көргім келмейді, қалсам, басыма шығады, бұл анық. Кеңес керек.



Енем «сендерді біз қоспадық, өздерің шешіңдер» дейді. Күйеуім өзін кінәлі сезінбейді. Егер кетсең, артқа жол жоқ дейді, кешірім сұрау ойына да кіріп шықпайды. Мұндай жағдайда не істеу керек?


Аноним


 




Көрілген: 5449    Пікірлер: 0

сенбі, 21.09.2019, 09:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Желтоқсан, 12:24
    Тоқал алу сән болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31