Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім қадірімді білмегеніне налимын

  • Күйеуім қадірімді білмегеніне налимын

    Күйеуім қадірімді білмегеніне налимын

 Сәлеметсіздер ме, қыз-келіншектер, құрметті оқырман! Мен де өз өмірімнен сыр шертейін...

20 жасымда танымайтын жігіттің жары атанып, басыма ақ жаулық жабылды. Көп ұзамай аяғым ауырлап, ана атандым. Күйеуімді соншалық сүйдім дей алмаймын. Бірақ бауыр басып кеттім. Балалы болғаннан кейін ол өзгере бастады. Күнде ұрыс-керіс, ортаға үнемі енем түсіп, кейде таяқ та жейтінмін. Бас жарылып, омыртқам да сынды. Ол аз дегендей бейтаныс әйелдердің телефон қоңырауы мен смс хаттары да жүйкеме тие бастады. Ол жай бер жагы екен, тіпті күйеуімді үйге алып келген қатынды да көрдім. Таңғы төртте не қылған қатын ол? Отбасымды сақтап қалу үшін үндемей, ұрыс шығармауға тырыстым.

Тіпті маған қоңырау шалып, байыңды жақсы көремін. Ол да мені сүйеді. Үйіңе қонбаған күні менің қасыма қонады деген сөздерді де елемедім. "Ит үреді, керуен көшеді" деумен өзімді жұбатып жүре бердім. Әйтсе де, іштей қорланып, намыстанатынмын.

Әдемі болуға тырысып, бұрынғыдан да пысық болуға талпындым. Менің жайнап жүргенім енеме ұнамайтын. Ілік іздеп баласына ұрғызғанына мәз еді. Ал мен соның баласын адам қылып, қайтсем де отбасын сақтап қалу үшін тырысып жүргенімді ұқпады. Кысқасы не керек, үйдің де бар шаруасы менің мойнымда. Өзім жұмыс істеймі , бар тапқан табысым енемнің қолына саламын, одан қалды үйде мал көп, айран, сүт, құрт пен майын, ірімшік, қаймағын да да өзім жасап, сатып, ақшасын енеме әкелемін. Бірақ киім алуға, өз керегімді алуға келгенде үнемі ақша жоқ болатын.

Келін болғаныма он жылдан асса да жөні түзу киім кимедім. Ұрыс болмасын, осы үйге жетсін деп, жоқтан барды киіп, сонда да өзіме қарадым. Олай етпейін десем байым анау, көрінгенмен аты шығып, мені жерге тығып жүр. Жұмыстағы әйелдерден де естимін байың пәлен жерде пәленшемен, түген жерде түгеншемен отыр дегенді. Отырмай қайтсін, малай болып біреу баласын тауып, үйіне қарап тірлігін істеп отырса. Бірақ соңғы жеген таяғымда әбден шаршаған екенмін. Ажырасамын деп кетіп қалдым. Ажыраспаймын деп қанша жүрсе де, артыма қарамадым. Тек балаларым үшін ғана ойланамын. Ал күйеуімді мүлдем жек көріп, тіпті оны көргім келмей кетті. Әйел ретінде сезінуден қалдым. Әттең, тек балаларым ертең "әкемді неге кешірмедіңіз" деп айтпаса, күйеусіз өткен өміріме де үйрендім. Тек балаларымды ойласам ұйқым қашады. Қазір жаңа жұмысқа орналастым. Беделім де жоқ емес. Тек отбасылық өмірім жайлы айтуға намыстанамын. Күйеуім қадірімді білмегеніне налимын.




Көрілген: 3595    Пікірлер: 1

сенбі, 17.12.2016, 10:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...
    9 Қыркүйек, 01:14
    Қайынағам қырындап жүр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31