Отбасы - ошақ қасы

"Күйеуім құрсақтағы сәбиді ауру қылды": Жарынан қорлық көрген әйел үш баласымен қашып кеткен

  • "Күйеуім құрсақтағы сәбиді ауру қылды": Жарынан қорлық көрген әйел үш баласымен қашып кеткен

 Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық орталығына түскен үш балалы келіншектің басынан кешкен қиындықтары көпшілікті бей-жай қалдырмады. Жоғары білімді әрі өзінің жүрек қалауымен тұрмысқа шыққан Айманның (аты өзгертілді) өмірі дәл бұлай күл-талқан болады деп ешкім ойлаған емес. Келіншек өз отбасын құтқаруға қанша тырысса да, күйеуінің қорлығына өмір бойы шыдау мүмкін болмағанын айтады. KAZ.NUR.KZ Айманның оқиғасын көпшілік назарына ұсынады.

Айман ауылдан қалаға білім қуып келген талапты жастардың бірі болды. Қалаған мамандығында білім алып, қолына дипломын да алып үлгерді. Уақыт өте келе өзінің өмірлік жарын жолықтырады. Алғашында екеуі үш жыл азаматтық некеде тұрып, кейін заңды түрде ерлі-зайыпты атанады. Бастапқы жылдары өзінің шынайы мінезін көрсетпеген күйеуі жұмысындағы сәтсіздіктен соң отбасында әңгіртаяқ ойнататынды шығарады. "Қызметтегі қиындық салдарынан жүйкесі тозған шығар деп ойладым. Мұндай "қойылымдары" уақытша, кейін бәрі бастапқы қалпына оралады деген сенімде болдым. Бірақ күн өткен сайын, күйеуім үйдегі айғайды үдете түсті. Мені аяусыз ұрып-соғып, балаларға да қол көтеретінді шығарды. Балаларым әкесінен қорыққаннан сөйлей алмай қалатын. Әйел адам болғандықтан, екі баламның болашағына алаңдағандықтан, жанұямды сақтауға барынша тырысып бақтым. Алайда, күйеуімнің тоқпағы таусылмады", - дейді ол.

Отбасындағы жанжал бәсеңсіген жоқ. Ал Айман үшінші баласына жүкті болатын. Кезекті айқай-шу кезінде күйеуі Айманды соққының астына алып, құрсақтағы сәбиге нұқсан келеді. Осылайша, іштегі бала соққы салдарынан церебралды сал ауруымен дүниеге келді. "Жанұяны аман алып қалам деп, қанша тырысқаныммен, күйеуім түзелмеді. Оның жуан жұдырығынан кіші қызым сал ауруына шалдықты. Егер дер кезінде бәріне көз жеткізіп, күйеуімнен кетіп қалғанда, сәбиім аман-сау туылар ма еді? Ол да басқалар сияқты дені сау, он екі мүшесі түгел адам ретінде өмір сүрер ме еді? Бүгінде өкініш өзегімді өртейді", - дейді ол. Бүгінде Айман үш баласымен бірге Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығын уақытша паналауда.

Еске сала кетсек, осыған дейін алты жасар қызы көз жұмған алматылық келіншек жанайқайын айтқан болатын. 

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 1337    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.08.2020, 19:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31