Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім маған бәрібір қайтып оралды...

  • Күйеуім маған бәрібір қайтып оралды...

    Күйеуім маған бәрібір қайтып оралды...

Біз күйеуіміз екеуіміз бір-бірімізді қатты сүйіп қосылдық десем, артық айтпаған шығармын! Екі баламыз бар. Биыл міне, алты жылға таяп бара жатыр. Бірақ, осы соңғы бір жыл ішінде көп қиыншылықты басымнан өткердім. Сүйіп қосылған жарым қатты өзгеріп кетті.
Үйге таңға қарай келетінді шығарды, телефон шалсам телефонын өшіріп тастайды немесе басып тастап отыра береді. Солай үш ай уақыт өтті. Таңертең сұрасам ылғи өтірік айтатын, үнемі бір сылтауы дайын тұратын. Неше жыл отасқан күйеуіңнің қашан өтірік қашан шын айтатынын біліп тұрғандықтан, мен барлығын біліп, сезіп тұратын едім.
Әйелден қырық қулық қалған ба бір күні күйеуімді андуға шықтым, құдайдын бір өзі кешірсін! Бірақ, ішкі сезімім алдамапты, бәрі ойлағанымдай болды! Оны басқа әйелмен даладағы орындықта сүйісіп отырған жерінен ұстап алдым. Сол кезде жүрегімнің ауырғанын білсеңіздер ғой, ызалықпен шапалақпен ұрып жібергенімді өзім де байқамай қалдым. Ол бірақ мені көріп шошып кетті, мені жұлқылап итеріп жіберді. Жерге құлай жаздадым, «не үшін, не істеп қойдым» деп сұрай беріппін жылап!
Өзім бұрындары айтатынмын, ондай жағдай болса ешқашан кешірмеймін деп, бірақ мен кешірдім. Себебі, қатты сүйген соң, қателескен шығар деп ойладым, бірақ ол көзіме тіке карап «сені сүймеймін» дегенде не айтарымды білмей калдым! Бірақ айтқанға оңай, таң атқанша көз ілмейтінмін, түнімен уайымдап ұйықтаған емеспін. Ал, ол болса жаңағы әйелмен бірге пәтерде тұрып жатты. Содан бір күні ол үйге келді, киімдерін киіп кетіп бара жатып «сөйлесейікші» деді. Сонда айтқаны: «Сен мамаңның үйіне барып тұр, тура алты айдан соң алып кетемін» деді. Мен болсам «мен өзімнің үйімнен ешқайда бармаймын, сені күтемін» дедім. Оның өз себебі бар, егер анама айтсам мені кейін екінші рет күйеуіме жібермей қоятынын білетін едім. Қандай ана өзінің баласының намысын таптатып, жылатып қойсын! Тек бір құдайға үміт артып, болашақтағы ғажайыпқа сеніп, құр сүлдеммен өмір сүре бердім.

Сонымен ол «жарайды» деп кетіп қалды, менің күнде қиналумен күндерім, түндерім өтіп жатты! Бірақ, бір ғана үміт сәулесі маған күш бергендей болды, ол оралады маған деген! Үйдің тірлігі, жұмыс солай уақыт өтті де кетті зымырап, бірақ мен үшін алты ай алты жыл сияқты болды!
Бірақ, ол келмеді, содан өзім хабарластым! «Кешірші орала алмаймын» дегенде көзімнен жас ағып, сөйлейін десем сөйлей алмай тамағымда өксік тұрды! Телефонды қоя салдым, содан қатты жылап алдым. Енді ойламасқа тырыстым.
Осылайша, «кетсең одан ары» деп, үйде тіршілігімді істеп, кітап оқып, басқа іске айналып жүре бердім. «Енді жыламаймын» деп өзіме уәде бердім! Содан жұмысқа шығып кеттім, алдында күйеуім жұмыс істетпейтін. Солай күндер өтіп жатты. Күйеуім арасында уатсаптан «не істеп жатырсың» деп жазады, «не істейін сол тамақ балаларға» деймін де шығып кетемін уатсаптан. Бір күні уатцаптан «сөйлескің келмей ме менімен» дейді, ал мен болсам «жоға қолым тимей жатыр, сен жаза бер мен сосын қолым тигенде жауап беремін» дедім! Ашу тамағыма тығылып тұрса да, сабырлы жауап беруге тырыстым. Сөйтіп бір күні «қонсам бола ма?» деп үйге келді «әрине қон сенің үйің ғой, ешкім қуған жоқ» дедім. Сол күні күшті кешкі ас іштік, көптен бері олай отырмаған едік. Ертесінде «кететін болсаң, есікті құлыптап кет» дедім. Кешке үйге келсем үйде отыр «жаным, кешіре алсаң кешірші» деп. Шыны керек «түсім бе мынау әлде өңім бе» деп таң қалдым! «Кешірдім жаным, бірақ қатты қинап жібердің ғой» дедім де, жылап жібердім! Қазір біргеміз, Аллаға мың да бір шүкір! Бұл басымнан өткен оқиғада айтайын дегенім, шыдамды болу керек екен, сонда бәрін жеңесің! Қыздар отбасыларыңды сақтағыларың келсе сабырлы болыңдар!
Айман
Ақмола облысы

 




Көрілген: 3521    Пікірлер: 0

сенбі, 04.01.2020, 21:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30