Күйеуім мені әбден басынып алды

Күйеуім мені әбден басынып алды

  Өз өмірімді жазып кеңес сұрасам. Отбасын құрғаныма 10 жылдан асты. Аллаға шүкір 5 балапаным бар. Менің мәселем күйеуім. Үйленгелі жұмыс істетпейді. 2 дипломым бар. Балаларым арасы жақын болғасын көп сыртқа шыға алмай той-томалақтарға да, отырыстарға да жалғыз барып жүрді.

Казір балалар өсіп қалды. Бір жаққа шығу үшін айқай-шу. Үйден аз уақықа шыға қалсам, 1000 рет телефон  шалып қайт дейді. Біреумен жатып келгендей қарайды. Үйде отырғасын үйдің де, даланың да жұмысын өзім істеп, ол жұмыстан келгенде тап-таза отыратын ем. Соған әбден үйреніп алған, ештеңе істемейді. Бір жаққа апарса тыныш отыр, артық сөйлеме, жөндеп биле т.б. өйтпе, бүйтпе деп барған құрлы итімді шығарады. Үйде көзіне ілмейді. Түнде бірдеңе керек болғанда ғана жалмаңдап келеді. Табысы жаман емес, бірақ керегіңді ал деп ешқашан ақша бермейді. Жылап, жалынып жүріп алам. Әлі артымнан келген киімдерді киіп жүрмін. Осының бәріне қазір жүйкем жұқарып, депрессияда жүрмін. Не үшін мен осындай қорлық көруім керек. Қаланың шетінде тұрамыз, араласатын көршім де жоқ. Сотка шұқысам тексереді, біреумен сөйлесіп жүрсің деп. Одан басқа да қорлығы жетерлік. Ішпейді, ішсе де орнымен, бірақ жаңағыдай қылықтарымен маған психологиялық қысым көрсетеді. Не істеуім керек? Ақыл айтыңыздаршы. Былайша айтқанда езіп тастаған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста