Отбасы - ошақ қасы

«Күйеуім мені әкесінің көзінше жалаңаштап, ұрып-соқты»: қазақстандық әйел көпшіліктен көмек сұрады

  • «Күйеуім мені әкесінің көзінше жалаңаштап, ұрып-соқты»: қазақстандық әйел көпшіліктен көмек сұрады

    «Күйеуім мені әкесінің көзінше жалаңаштап, ұрып-соқты»: қазақстандық әйел көпшіліктен көмек сұрады

Қазақстандық Эльвира Келмағамбетова инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында видеоүндеу жариялап, көпшіліктен көмек сұрады. Ол өзінің 6 жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап келгенін және 2 баласын көрмегеніне 1 жылдан астам уақыт өткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 «Мен - Әліби және Саида есімді екі баланың анасымын. Балаларыммен жүздеспегеніме 1 жылдан асты. Менің қолымда балалардың тұратын жерін анықтау туралы сот шешімі бар. Мен 2020 жылы сотта балаларыммен бірге болу құқығым үшін күрестім. Алайда, балаларымның әкесі, Kamkor Service ЖШС-ның бас директоры Әділжан Шоманов ол шешімді орындап отырған жоқ. Мен оның басшысы Диас Сүлейменовке хат жазып, көмек сұрадым. Алайда, одан да ешқандай нәтиже болмады», - дейді Эльвира.
Балаларына жете алмай отырған ана Қазақстандағы заңдардың іс жүзінде орындалмайтынын айтып қынжылды. Оған мысал ретінде Сымбат Құлжағарованың оқиғасын келтірді.

«Президент мырза, @tokayev_online, сізден Конституцияның кепілі ретінде көмек сұраймын. Мемлекеттік органдар өз жұмысын атқармайды. Менің балаларым қайда, оларға не болғанын білмеймін, менің олармен еш байланыса алмаймын. Маған көмектесуіңізді сұраймын», - деп жазды ол.
Эльвираның айтуынша, ол алты жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген.

«Күеуім менің қабырғамды, саусақтарымды сындырған. Шашымды жұлып, металмен ұратын.

Әділжан Шоманов – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Өзгелердің алдында үлгілі болып көрінеді. Мен енді бұл адамның үйде қандай екенін, не істегенін айтайын.

Мәселен, мына жағдай: Мен ауылда ата-енеммен, балаларыммен бірге төрт жыл тұрдым. 2019 жылдың жазы еді... Апта соңына қарай, жұма күні ол (жолдасы Әділжан Шоманов) келді. Ұшып келетінін ескерткен жоқ. Кешкі сағат жетілер шамасы болатын. Мен жуынатын бөлмеде едім. Ол үйге ашулы түрде кірді де, телефонымды тартып алды.

Мен көшеге қарй қашып үлгердім. Сыртта оның (Әділжанның) әкесі тұр екен. Мен әкесінен оны тоқтатуды сұрадым. Алайда, Әділжанды әкесі тоқтатуға оқталмады.

Сосын ол менің ішімнен тебе бастады. Мен одан тоқтауын өтіндім. Содан кейін ол айқайға басты. Мұның бәрі оның әкесінің көз алдында болды. Күйеуім мені тыржалаңаш етіп шешіндіріп, сабады. Кішкентай Саида бәрін көрді. Сосын мені үйге сүйреп әкелді. Бөлмеге кіргізді де есікті орындықпен жапты.

Мен қорыққанымнан қабырғаға қарай тақалып отырып алдым. Әділжан мені еденге жатқызып сабады. Менің үстіме отырып алып, бетімнен, ішімнен және кеудемнен ұрды», - деп жазды Эльвира.
Оның жазбаларынан белгілі болғаны, бүгін сот шешімі орындалмағаны үшін әкімшілік сот өтеді. Мекен-жайы белгісіз балаларды полиция қызметкерлері іздеуге кіріседі.

Эльвира Президент пен ҚР ІІМ, қоғам қайраткерлерінен көмек сұрауда. Ол өзінің экс-жолдасы секілді 3 бірдей адвокат жалдауға қаражаты жоқ екенін жазды.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан




Көрілген: 1759    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.03.2021, 02:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Мамыр, 22:21
    Қызыма әке керек
    29 Сәуір, 11:07
    Ананың ақылы...
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана
    29 Наурыз, 12:42
    Баламның әкесі басқа

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31