Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім мені лотереядан ұтып алған...

  • Алаш айнасы иллюстрациясы

    Алаш айнасы иллюстрациясы

Қазақта «Тең теңімен, тезек қабымен» деген мақал бар ғой. Соның мәніне жас кезімде тереңірек үңілмеппін. Санамды қаузаған сансыз оймен газет оқырмандарымен бөліссем деп едім. Бәлкім, біреу ақыл салар...

Оң жақта отырғанымда не ішем, не кием демедім, бұлғаңдап жүріп бойжеттім. Әкем - қаладағы мен деген ауқатты жандардың бірі. Елдің бәрі таниды, елдің бәрі сыйлайды. Қала орталығындағы ең қымбат аудандардың бірінде еңселі екі қабатты үйде тұратынбыз. Аузымнан шыққан сөздің бәрі сол заматта-ақ орындалатын. Үйдің кенжесі болғандықтан, әкем мені ерекше жақсы көреді. Сол себептен де не айтсам да алып беретін. Ең соңғы маркалы қымбат көлік те міндім. Жыл сайын шетелде демаламын. Ең соңғы модадағы бренд киім де менің үстімде. Құрбыларым қызыға қарайтын. Жігіт біткен де менің соңымда-тын. Бірі - шын ұнатса, енді бірі «олигархтың қызы ғой, тамырын басып көрейік» деп ынтығатын. Ондайларды, әрине, сезесің. Бұлғақтап жүргенде жасым жиырма бестен де асып кетті. Бір күні шешем шақырып алып тезге салғандай болды. Сонда ғана «күйеуге тию керек екен ғой» деген сигнал жетті миыма. Мектепте жүргенде алғашқы махаббатымды жолықтырғам. Кейіннен аз ғана ренішке бола екеуміз екі айырылысып кеткенбіз. Содан беріде сезімімді селт еткізген ешкім болмапты. Кездесуге шақырған жігіттермен достық қарым-қатынаста болғанмен арыға барған емеспін. Мені үнемі «байдың қызын байлығына бола алады» деген ой маза бермейтін. Ақыры осы ойым шындыққа айналды. Құрбымның ағасының досы болатын Серік деген. Сөйлесіп жүргенімізбен оған тұрмысқа шығамын-ау деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірген емес. Бұрын анда-санда көріп қалсақ амандасып тұратынбыз. Соңғы кезде сол Серік қыр соңымнан қалмайтын болды. Үйге де келеді, құрбыларыммен қыдырсам да сол. Ақыры телефоныма тыным бермей жүріп ол менің көңілімді жаулап алғандай болды. Әлде бауыр басып кеттім бе, өзім де түсінбеймін. Оның маған мінезі ұнайтын. Жібектей есілген жұмсақ мінезді-тін. Ақыры ол маған тұрмысқа шық деп ұсыныс жасағанда бас тарта алмадым. Әкем елдің есінде қаларлықтай етіп ұзату тойымды жасады. Тойға келген құдаларға туыстарым тосырқай қарады. Ауылда тұратын, күнге күйген күтімі жоқ ата-анасы үшін мен кінәлі емеспін ғой. «Теңіміз емес екен» деп тепсінген туыстарым да болды. Бірақ қатал мінезді әкемнен бәрі аса алған жоқ. Әкем «қызымның өз қалауы» деп ешкімді сөйлетпеді. Сонымен, қыз дәуреніммен қош айтысып кете бардым. Серіктің табалдырығын аттағаннан-ақ барлыққа да, байлыққа да қош дейтін шығармын деген едім. Өйткені шаңы аспанға атқан ауылда, жапырайған үйде тұратын оларға туыстарымның барлығы да күліп кетті. «Байлықтан асып-тасығанда тапқан құдасы осы ма?» деп бетін шымшығандарды да көрдім. Бірақ бірін де елемедім. Ай жарым осында тұрған соң жұмысымды сылтауратып қалаға кететінімізді айттық. Бала-шағасы онсыз да көп ата-енем бізден құтылғандарына қуанған болуы керек. Аз-маз еншімізді бергенсіп шығарып салды. Қалаға келген соң екі айдай пәтер жалдап тұрдық. Намысқой әкем өзімізге сай етіп әдемілеп үй салып берді. «Күйеубалам да бір балам ғой» деп оның астына мәшине мінгізді. Содан лезде-ақ жұрт қатарына қосылып кеттік. Бірақ мен ешқашанда күйеуіме «бәрі менің арқамда» деп міндетсінген емеспін. Бірақ жұрттың сөзіне көп құлақ асатын Серік бір жолы ішіп келіп: «елдің бәрі күшік күйеусің деп жазғырады» деп жыларман болғаны бар. Мен қайта «Қойшы солардың сөзін, екеуміз бақытты болсақ болды емес пе?» деп жұбатамын. Кейде екеуміздің пікір қайшылығымыз білініп қалады-ақ. Қалтасында ақшасы мыш-мыш болса да, Серік тарынбайтын жерде тарынып, көргенсіздігін көрсетіп қоя береді. Біреуге көрімдік берейік десем, зорға дегенде мың теңге шығарады қалтасынан. Ұялып кетем. Әйел басыммен алдына шығып кеткенім жарамас деп көбіне үндемеймін. Соңғы кезде Серік жиі ішетінді, масығатынды шығарды. Олай дейтін себебім бір жолы «мен сені байлығыңа бола алғанмын» деп ашық айтты. Естігім келмеген сөзім осы еді. Арамызда ыстық сезім бар деп жүрген мен бірден суынып кеттім. Тілім байлаулы. Өйткені аяғым ауырлап қалған. Өз қалауым, кімге барып сырымды айтып жылаймын. Бәрі де ішімде. Онысы аздай енді «мен сені лотереядан ұтып алғам» деп миымды жейтінді шығарды. Лотереясы менің байлығым да. Не істеймін? Тең теңімен деген рас екен...

Автор: Айнагүл, Атырау




Көрілген: 2466    Пікірлер: 6

сенбі, 13.09.2014, 10:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30