Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Күйеуім менің бойымнан кемшілік көрсе, қуанады

19 ақпан 2019, 15:51

Сәлеметсіздер ме, редакция ұжымы? Менің оқиғама көңіл бөліп жатсаңыздар, рахмет! Менің жасым 23-те, тұрмысқа шыққаныма 1 жылдан асты. Аллаға шукір, бір қызым бар. Мендегі мәселе – күйеуім.

Оған не істеп көңілін табарымды білмеймін.
Әрбір нәрседен бәле іздеп тұрады, кейде менің кемшілігімді іздеп тапса, қуанатындай көрінеді. Бір аптада бір күн демалады, сол демалысын асыға күтемін, күйеуім қасымда болады деп үміттенемін бірақ достарымен қыдырып кетеді.Неге бізбен бір демалысыңды өткізбейсің десем, тағы қырыламыз. Оған ренжісем де, жыласам да, мұңымды айтсам да бір рет болсын түсінген емес. Неге өмірі тырысып жүресің, маған мұндай мінезіңді көрсетпе деп боқтап тастайды.Егер сөз қайтарсам, ұрып тастайды. Не істерімді білмеймін, қанша өзгерсем де жақпаймын. Қыз кезімде керім, қырсық жігіттерді менсінбей жүруші едім, қазір қатты жүрегім ауырады. Ақылдарыңызды қосыңыздаршы, қалай көңілінен шығам?