Күйеуім себепсіз сабайды

Күйеуім себепсіз сабайды

 Кредит болып тұр. 2017 жылы Каспи банктен кредит алған едім. 2018-дің қыркүйегіне дейін төлеп келдім .Содан бері төлей алмай қалдым. Банктен хабарласып, төлеуімді талап етуде. Өлуге дейін оқталдым. Енеңнің үйін аламыз, тумаларыңның счёттарын жабамыз деді. Ол номерімді өшіріп тастадым қазір. Көршілеріңнен сұраймыз дейді. Күйеуіңнің счётын жабамыз деді.

Мен  күйеуімнен қорқамын. Себебі ол кредитті үлкен қызымның еміне алғанмын энурез болған соң. Үлкен қызым өзіммен бірге еріп келген. Кредитті енді қалай істеймін? Банкке арыз жазып көрдім,он бес мыңнан төлеймін деп, келісім бермеді. Енді қалай істеймін? Сотқа қанша уақытта жібереді? Қалай шешеді сот? Өзім жұмысқа шыға алмаймын. Кенжем бірге толмады.

Екінші мəселем, күйеуім мені қатты соғады. Неге екенін өзім де түсінбеймін.Үлкен қызым себеп пе деп оны жүрегімнен жұлып, анама бердім. Осы балаларым əкесімен болсын деп. Өзімнің əкем жоқ болған соң, балаларымның әкесі қасында болсыншы дедім..Болмашы затқа соғады. Сегіз жыл болса да ақша ұстатпайды. Зат апермейді. Өзім пособияма аламын керегімді.Алдыңғы күні қасықты дұрыс бермедің деп  ыстық тамақты лақтырды.Кеше монша жакшы деп оятқаныма қатты тепкілеп салды. Өзімді қорғамақ болып итеріп ем, енді қол жұмсайсың ба деп одан сайын соқты. Мен де солай қиналатынымды түсінбейді. Артық ештеңе сұрамаймын.Үйден шықпаймын.Əкемнің жоқтығын, анамның үйі жоқтығын басынады.Сорлы, мал, қайыршы, қайда барасың, жәлеп боласың дейді. Өзімнен он бір жас үлкен.Мені əйел баласы деп еркелетіп, бір мейрамда ешқайда апарған емес. Кетіп қалайын десем барар жерім жоқ. Заңмен қалай істей аламын. Енемнің атындағы үйдің жартысын балаларыма ала алам ба? Қиналып кеттім. Кешегі соққан басым, арқаларым қатты ауырып жатыр.Еңкейе алмаймын.Еңкейсем, басым аурады. Өмірден қатты түңілдім. Алладан басқа қолдаушым жоқ. Жаным қиналып кетті. Осы күнге дейін арақ ішсе де, ойын ойнаса да, қаңғыса да, шыдап келдім. Балаларым үшін бəріне төздім. Кредитімді білсе өлтіріп тастап, балаларым жетім қалама деп қорқам.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста