Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім суып кете ме деп қорқамын

  • Күйеуім суып кете ме деп қорқамын

    Күйеуім суып кете ме деп қорқамын

Мен 27 жастамын. 23 жасымда 4 жыл жүрген жігітіме тұрмысқа шықтым. Бір-бірімізді қатты сүйдік. Нәпсіқұмарлықты тыйып қыздық абыройыммен босаға аттадым. Ата-енем жақсы адамдар. 1 жыдай бала көтере алмай жүрдім. Ел-жұрт қаншама өсектеді.

 
Алланың құдіретімен 25 жасымда ұлды болдық. Күйеуімнің қуанышында шек болмады. Содан Алла екінші жүктілікті нәсіп етті. Жүктілік кезеңімде бәрі жақсы болған, ай күнім жетіп перзентханаға бардым. Бірақ ұлыма ауа жетіспеушілікпен туылып, үш ай реанимацияда жатып шетінеп кетті. Қатты соққы болды. Күйеуіміз екеуміз қосылып көп жылайтынбыз.

Сөйтіп жүргенде байқамай қалып тағы аяғым ауыр екенін білдім. Екінші ұлыммен арасы 3 ақ ай. Түсік жасатайын десем екінші ұлым қайтып кеткенге алладан қорықтым. Организмім шаршаған, жатыр  әлсіз. 2 айда УЗИ-ге түскенімде түсіп қалайын деп тұр, ауруханаға жат деген. Мен жұмыстан шыға алмадым. Күйеуіңмен қосылуға болмайды деді. Содан Алланың көмегі шығар қазір төрт ай болды. Бірақ күйеуіммен төсек қатынасы үшін көп ұрысатын болдық. Кейде түсінеді, кейде түсінбейді, неге жұрттың әйелдері ештеңе болмай-ақ туып жатыр ғой дейді. Ал менде 3 айға дейін қан келіп жүрді. Енді 4 айға да жетіп қалдық, жыныстық қатынастан балаға қауіп болуы мүмкін бе. Күйеуімді де суытқым келмейді бірақ бала да керек. Өмірде ащы мен тұщы қатар жүреді екен

Аноним 




Көрілген: 6964    Пікірлер: 0

жұма, 13.11.2020, 14:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын
    17 Қаңтар, 14:07
    Ойнап жүріп от бастым
    29 Желтоқсан 2020
    Құрбым қыздарға құмар...
    20 Желтоқсан 2020
    Махаббат, махаббат деп...
    10 Желтоқсан 2020
    Жігіттер сенетін 6 өтірік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31