Күйеуім тоқал алам дейді. Не істеймін?...

Күйеуім тоқал алам дейді. Не істеймін?...

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман. Мен сіздерге жүрегімді сыздатып, жанымды қоярға жер тыпқызбай жүрген сырымды айтқым келеді. Мен осыдан 5 жыл бұрын тұрмыс құрдым. Өзім ұнатып, қалаған жігітіммен отбасын құрдық. Ол да мені сыйлайды, мен де оны қатты жақсы көремін.

Ата-енем де жақсы адамдар болып шықты. мені өз қыздарындай көрді. Мен өте бақытты едім. Бірақ жаратқан маған нәресте бұйыртпады. 5 жыл біреуге аз, біреуге көп көрінер. мен үшін осы 5 жыл бүкіл ғұмырымдай болды. Осы жылдардың ішінде Алладан бала тілеп жыламаған кезім жоқ. Менің бала көтере алмай жүргенімді ата-енем бетіме басқан емес. Жолдасым да осы уақытқа дейін бала туралы әңгіме қозғай бермейтін.

Енді міне соңғы кездері күйеуім өзінің басқа әйелмен неке қидырғысы келетінін айтты. Ол әйел өзінен 7 жас үлкен екен. Бірақ ол менімен де ажырасқысы келмейді. Бірақ әлгі қыздан бала сүйгісі келеді екен. Мұны естігенде қатты қиналып кеттім. Қазір күндіз-түні көзім жастан құрғамайды. Оны қанша түсінгім келсе де түсіне алар емеспін.

Күйеуіме басқа қызбен некелесетін болсаң, ажырасайық деп те айттым. Бірақ ол келіспеді. Іштей өзім де күйеуімді қимаймын. Ол екі әйелмен де бірге тұра бермекші. Мен мұндайға көндіге алмайтын сияқтымын. Күйеуімді басқа адаммен қалай бөлісем. Оның үстіне басқа әйел оған бала туып берсе, менің керегім де болмай қалады. ғой.

Маған қандай кеңес айтасыздар. Күйеуімнің дегеніне көніп жүре бергшенім дұрыс па? Әлде өз жөніммен кетейін бе? Бұл жағдайды өз ата-анама да, ата-енеме де қалай айтарымды білмей жүрмін. Неде болса бір шешімге келуім керек.


Айсара, Алматы
alashainasy.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста