Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім түкке тұрғысыз дүниеге бола отбасынан оңайлықпен бас тарта салғанына жыным келді.

  • Күйеуім түкке тұрғысыз дүниеге бола отбасынан оңайлықпен бас тарта салғанына жыным келді.

    Күйеуім түкке тұрғысыз дүниеге бола отбасынан оңайлықпен бас тарта салғанына жыным келді.

Жұбайым Айсұлтанмен студенттік шақтан бері таныспыз. Алматылық жоғарғы оқу орындарының бірінде, бір факультетте оқыдық. Ол мені алғаш көргеннен-ақ ұнатып, маған көз тіккен достарына маған жоламауын өтініпті. Оның көңіл білдіргенінен мен де кет әрі емес едім. Сымбатты әрі курсымыздың ең ақылды жігіті маған да ұнай кетті. Содан бір жарым жыл жүріп, студенттік шағымызда отбасын құрған едік. Биыл тұрмысқа шыққаныма жеті жыл болған еді. Екі ұлдың анасымын.

Соңғы жылдары Айсұлтан екеуіміз бір-бірімізден суынып кеткендей болдық. Жыл өткен сайын қиындықты бірге көрген ерлі-зайыптылар бір-біріне жақындай түседі деп ойлайтынмын. Алайда біздің жағдай басқаша болып шықты. Мен үнемі үйге кеш келетін жұбайымды қызғанып, оның іс-әрекеттерін бақылайтын болдым. Осы мінезіммен де оның шамына тиіп кеттім. Сөйтіп жарымды аңдимын деп өзім шалыс бастым&hellip

Жұмыста Жандос есімді әріптес жігіт бар еді. Өзі компьютерлік ақауларды түзейді. Алайда кез келген уақытта маған көмек керек бола қойса, жүгіріп келеді. Екеуіміз бір кеңседе бір жылдай жұмыс істеп, етене жақын болып қалғандаймыз. Мен оған күйеуіммен болған келеңсіздіктерді айтып, сыр ақтарамын. Ал ол мені үңіліп отырып тыңдайды. Соңғы уақытта маған ұялы телефоныма жиі хабарласып, хат жазатын болды. Оның менде көңілі бар екенін ақымақтың өзі де түсінер еді.

Бір күні Айсұлтан сол әріптес жігіттен келген хаттарды оқып, шу шығарды. Тіпті, ажырасатынын да айтты. Оның көзіне ешқашан шөп салмағанымды, жай ғана әріптесімнен келген хат екенін айтсам да күйеуім киімдерін жинап үйден кетті. Айсұлтанның түкке тұрғысыз дүниеге бола отбасынан оңайлықпен бас тарта салғанына жыным келді. Ертесі үйге қайтып келіп, түнде ата-енемнің үйінде болғанын сөз етті. Бірақ сол күйі маған бұрылып та қарамайды. Енді не істесем болады? Өзімнің де кінәлі екенімді түсініп тұрмын&hellip

syrlasu.kz




Көрілген: 3906    Пікірлер: 0

жұма, 06.11.2020, 20:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын
    17 Қаңтар, 14:07
    Ойнап жүріп от бастым
    29 Желтоқсан 2020
    Құрбым қыздарға құмар...
    20 Желтоқсан 2020
    Махаббат, махаббат деп...
    10 Желтоқсан 2020
    Жігіттер сенетін 6 өтірік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31