Отбасы - ошақ қасы

Күйеуім үйленгендігін жұрттан жасырғысы келеді

  • Күйеуім үйленгендігін жұрттан жасырғысы келеді

    Күйеуім үйленгендігін жұрттан жасырғысы келеді

 Әркімнің бір уайымы бар дегендей, менің де іштей уайымым бар. Жасым он тоғызда. Ерте тұрмысқа шықтым. Басында сүйіп қосылғандай едік. Енді арадан алты ай өтпей суып бара жатқан сияқтымыз. Дене сымбатым да, кескін келбетім де ешкімнен кем емес. Ыстық-суығымыз тез-ақ басылып қалды.

Күйеуім үйленгендігін жұрттан жасырғысы келеді. Үйден шыққан сəтте-ақ қолындағы неке жүзігін шешіп тастайды. Қанша рет байқадым. Мені ертіп достарымен кездесуге барғысы келмейді.

Бұрынғыша еркелегім келеді. Оңашада мойнына асылып, бар жылы сөзімді айтқым келеді. Ал ол менің қолымды қағып тастап, бөлмеден шығып жүре береді.

Сондай сәттерде ызаланып жылап аламын. Ұнатпаса неменеге үйленді екен деп ойланып,ас батпай жүр. Кей түндері жастықты көз жасыммен шылап шығамын. Ата-анама ештеңе білдіргім келмейді. Әлі бір жыл болмай жатып ажырасып кету де ауыр. Олсыз да ажырасып, некесіз туған балалардың саны күн сайын артып бара жатқан заманда  тағы бір шарананы әкесіз дүниеге әкелгім келмейді.

Бірге жүретін жора-жолдастары бәрі бойдақ. Мүмкін содан да болар, әйтеуір маған ықыласы сөніп барады. Олай болса артымнан қалмай жүгіріп неге үйленді екен? Үйленгенше айтқан тәтті сөздірінің бәрі бекер болғаны ма? Әлде еркектердің бәрі солай ма? Сіздер не дейсіздер, отбасылық өмірде тәжрибесі мол апалар? Бұл қалыпты жайт па?

 

Гүлжайна

 




Көрілген: 1992    Пікірлер: 0

жұма, 12.06.2020, 20:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31