Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімді аяймын, бірақ қайта табысуға батылым жетпейді

  • Күйеуімді аяймын, бірақ қайта табысуға батылым жетпейді

    Күйеуімді аяймын, бірақ қайта табысуға батылым жетпейді

 Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Бір бас жақсы, екі бас одан да демей ме, сол себепті мен де сіздерден ақыл-кеңес сұрағалы отырмын.

Мен 2010 жылы сүйіп қосылған жарымнан 2015 жылы ажырасып келіп отырған жайым бар. Жолдасым мені, мен оны шын сүйеміз. Бірақ арада сəби болмаған соң жағдайымыз қиындап, үйіміз ұрыс-керістен арыла алмай қойды. Бізде бəрі де болды, үй, машина, өзіміз қалаған қызметіміз де. Тіпті басқа ене мен келіндей ұрысып, ренжісіп те көрмеппіз. Мен атам мен енемді өз əке-шешемдей жақсы көремін. Жəне ол кісілерде мені басқа келіндерінен бөлектеген емес. Тек Алла Тағала бізді жанды жерімізден қысты... 

Анығырақ айтқанда, ол маған өмірінде 1 рет қол көтерді. Сол 1 рет көтерген қолдың нəтижесінде біз сəбиімізді жоғалтып алдық. Ертесіне менен көп мөлшерде қан кетіп, баламыздан айырылып қалдық. Ол оқиғадан кейін де бірнеше аурухана, қазақи емшілердің табалдырығын тоздырдық. Барлығы да үмітті үзбеңіздер, əлі де сəбилі боласыздар деп шығарып салады. Ең қиыны жолдасым қазіргі ЭКО дегенге сенбейді. Мен оған бірнеше рет бауырымызға баланы басып алсақ қайтеді дегенде ұсыныс жасадым. Бірақ ол маған тек өз балам керек, мен өгей балаға əке болатын азамат емеспін дейді. Енді мені қинайтыны ол 1 ай өтпей ақ мені мазалап, хабарласуын тоқтатпады, міне қазір ажырасқанымызға 8 айдан артық уақыт болды. Жолдасымды да бір есептен қимаймын, əрі аяймын. Кімнің үйінің есігін сығалап тамақ сұрап, кімнің қас-қабағына қарап кірін жуғызды екен деп.... Бір есептен қосылған күні сəбилі бола алмасақ, қуанышымыз да ұзаққа созылмайды-ау деп тағы қорқам... Əпке-сіңлілер, мен сіздердің кеңестеріңізге зəрумін. Қандай ақыл қосасыздар?

Мақпал, Алматы 




Көрілген: 4430    Пікірлер: 2

жұма, 03.04.2020, 09:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30