Отбасы - ошақ қасы

"Күйеуімді басқа әйелдермен ұстап алдым": Шымкенттік келіншек қайын атам талақ берді деп жылады

  • "Күйеуімді басқа әйелдермен ұстап алдым": Шымкенттік келіншек қайын атам талақ берді деп жылады

Күйеуім көзіме шөп салып, тоқал алғысы келеді. Маған талақ айтып соңында тайып тұрды. Құлаққа түрпідей тиетін бұл жат қылық жайлы 25 жастағы кейіпкер айтып отыр. Нұргүл Сейтмағамбет күйеуінен көрген қорлығы жайлы айтты. 

Бұл туралы "Астарлы ақиқатта" айтылды. 

 
25 жастағы келіншек қайын жұртынан көрген қорлығы жайлы айтты. Күйеуім көзіме шөп салды, бірнеше әйелмен тұрады деп жылады. Жолдасының жасырын өзгемен сөйлескен сәттерін байқаған. Одан бөлек қайын атам мен қайын енем күн бермейді деп ренжіді. 

"20 жасымда тұрмысқа шықтым. Мені қайын атам көріп қалып ұлымен таныстырды. Ұлы екеуі 6 ай менің соңымнан қалмады. Атамның 4 әйел алғанын көріп ұлын ұнатпадым. Бірақ "сенен басқа ешкімді алмаймын. Сені жасқы көрдім. Сенсіз өмір сүре алмаймын" деп өлердегі сөзін айтты. Мені солай алып қашты. Мен босаға аттаған соң қалдым. Оған деген сезімім де болған жоқ. Кейін уақыт өте келе бауыр баса бастадым, жақсы көре бастадым", - деді Нұргүл.

Айтуынша, бастапқыда жақсы тұрған. Тату болған. Уақыт өте ерлі-зайыптылар арасы суи бастайды. Оған қайын енесі де себепші екен. 

"Күйеуімнің қорлығы аздай, қайын атам мен енем, қайын сіңлім қосылды. Енем мен қайын сіңлім пышақпен қорқытты. Қайын атам күйеуімнің орнына талақ айтты. Күйеуім медреседе ұстаз болып жұмыс істейді. Бірақ істеп жүрген тірлігі мынадай. Зина жасайды. Жүріс жүреді. Бірнеше әйелі бар. Мен ешнәрсе жасамай-ақ айыпты болып, талақ алып отырмын? Бұл әділетті емес", - деді кейіпкер. 

Бағдарламаға келген имам Мәди Ахметовтың айтуынша, дініміз бойынша әйелге талақты тек ері ғана береді.

"Күйеуі ғана талақ айтады. Ал оның орнынан қайын атасы не басқа айта алмайды. Айтқанның өзінде ол талаққа жатпайды", - деді имам.

25 жастағы жас ана әділдік іздейді. Өзі тұрған аумақта ұстаздың әйелі талақ алыпты деген әңгіме тараған. 

"Күйеуім зина жасады деп айыптаған соң атам маған талақ айтты. Олардың түсінігінде ер адам әйеліне талақ алса, басқа күнәлары кешіріледі. Сонда әйелдің өмірі бұларға ойыншық болып тұр", - деді Нұргүл.

Келіншектің сөзін енесі мен абысыны теріске шығарды. Керісінше үйден көп кететін Нұргүлдің өзін айыптады. 

"Нұргүлді ұрған емеспін, жай ғана нұқығанмын. Соған айыптап отыр. Өзі үйден көп кетеді. Мені ене деп сыйламайды", - деді енесі Кенжегүл Есей. 

Нұргүл жолдасының басқа әйелдермен сөйескен сөзін бағдарламада көрсетті. Күйеуі мен өзге әйелдердің бір-біріне жалаңаш суреттерін жібергенін айтты. Ал қайын жұрты туған немерелерін басқа біреуден тапты деп айыптаған. Ол үшін Нүргүл ДНҚ жасатуға дайын.

"Бізге керек емес ДНҚ сараптама. Біз оған қарсымыз. Нұргүл таза екенін сонымен дәлелдемек пе? Бес жылда үйден талай кетті. Бір аптаға, 10 күнге кетеді. Таза екенін ДНҚ сараптамамен дәлелдемек пе?", - деді қайын атасы Амангелді Шораев.

Нұргүлдің жолдасы Сәлімбай Есей өзге әйелдермен смс арқылы сөйлесенін мойындады. Жалаңаш суреттерін өздері жіберді деп ақталды. Нұргүлмен тұрмаймын деп өзім ажырасқанмын деді ол. 

Нұргүл екі баласымен ол үйден кетіп, заң жүзінде ажырасқан. Екі балаға сот 14 мың теңге алимент алуға міндеттеген. Оның өзін бұрынғы жолдасы итке сүйек лақтырғандай әрең төлеп жүрген көрінеді. 

"Маған тыныштық керек. Қызым ауруханада жатыр. Ара-тұра құлап қала береді. Оның еміне ақша керек. Мен жұмыссызбын. Екі балам кішкентай. Қайын жұртымнан көмек жоқ. Одан қалса небір қаңқу сөз таратып бітті. Маған тыныштық керек. Талағы да өздері. Олармен қайта тұратын ойым жоқ", - деді кейіпкер. 

Нұргүлдің бұрынғы қайын енесі енді артық мазаламайтынын айтып, немересіне көмектесуге уәде етті. 




Көрілген: 1366    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.10.2020, 11:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31