Күйеуімді жыныстық белсенділікті арттыратын дәріден бас тартқыза алмадым
Амансыздар ма, құрметті оқырман, атым жасырын болсыншы. Сіздер дəрінің құлы деген сөзді естіп па едіңіздер? Менің күйеуіме дəрігер солай деді. Олай айтатын себебі де жоқ емес. Күйеуім жаман адам емес, жұмыс жасайды, балаларын жақсы көреді. Ата-енем де жақсы кісілер. Бірақ, күйеуім өзін ауру санап, дəрігерге барып дəрілер жаздырып ала береді. Қазір ауруым мүмкін деп, дəріханаға барады да, кез-келген дəрілерді алып, іше береді. Күз болса тұмау болмаймын деп, қораптап ішеді-ау. Айына 30-40 мыңға дəрі алады екен. Неге олай жасайсың десең, ауырмайын дегенім ғой дейді. Учаскелік дəрігерді де шаршатқан, психиатрға барып көріну керек десе, мен псих емеспін деп айқай шығарады. Мұндай жағдаймен кездескендеріңіз бар ма? Тіпті төсекте де көңілім толмайды деп қазір дәрі ішетінді шығарды. Не істеуге болады?!
Аноним