Күйеуімді көңілдесімен ұстап алдым

Күйеуімді көңілдесімен ұстап алдым

Бізге күніне бірнеше хаттар келеді. Оның ішінде Құралай Ханымнан ақыл сұрайтындар да жетерлік. Сол хаттардың мазмұны сәйкес келетіндерді біріктіріп бірге жауап беруге тырысамыз. Бүгін күйеуі ұратын келіншектен келген хатты ұсынып отырмыз! Ол оқырманға үнемі «отбасының беріктігі әйелдің қолында»- дейтін Құралай Ханым жауап береді.

Оқырман: Сəлеметсіз бе? Құралай ханым! Мен сізге хат жазбас бұрын көп ойландым. 30-тістен шыққан сөз,30 елге тарайды деп тартындым. Бірақ сізді əпке ретінде,құрбы ретінде ескеріп ақылыңызды тыңдасам артықтық етпес.. Тек мен дұрыс жолмен келе жатырмын ба? Мен дұрыс істеп жүрмін ба, деген сұраққа көп оралам. Жауабын таппаймын. Сырт көз сыншы. Мүмкін сіз жөнін айтарсыз деген үмітпен өзіңізге хат жолдап отырмын. Мен күйеуімнен 9 жас кішімін. Ол 27-інде, мен 18-імде бас қостық. Екеуміз де орта семьядан шыққанбыз. Екеуміз 1-ай сөйлесіп жүрдік. 1-айдан соң ол мені оқу жақтан алып қашып кетті. Содан ұлды болдық. Мінезі бар. Қатал адам болды. Қорқатын едім. Сойлеуге қорқатынмын. Кейін ұра бастады. Аңғалдығымнан 2-ұлымды босанып, ол ұлым даярлыққа барғанша үнімді шығармай ата-анамның мықты тəрбиесінің арқасында таяқ жеп журе беріппін ғой. Жұмысқа шығармады. Бір күні жұмыстан келмей қалды. Таңғы 4те біреу жұлқып оятқандай болды, тез телефонына хабарласқан едім көтермеді. Одан үй телефонмен звондап едім,ответі басылып кетіп оның біреумен жатканын 4 мин 48 секунд естіп тұрдым. Сол күні күндізгі 12-де келді. Келген соң шыдамай айқайға бастым. Жыладым,еңіредім. Ол мені аяусыз сабап тастады. Тағыда таяққа жықты. Жылай -жылай көзімнен жас та шықпай қалды. Сол кезде жолдасым басқа қалаға жұмыс бабымен ауысып кетті. Мен үймен бала-шағаның қамы деп тұрған қаламызда қала бердім. Апталап хабарласпайтын болды. Сөзсіз біреуді тауып алғанын білдім. Іштей жегідей жедім өзімді. Жаңа жылдың қарсаңында, жолдасым келді. Телефонынан жүретін қызы бар екенін жазған смстерін бəрін оқыдым. Оған звондап, ашумен айтатынымның бəрін айттым. Куйеуіме де ашынып айтпаған сөзім қалмады. Ол ременмен өлгенше сабады. Кеткен жоқпын. Себебі үйіме қайта барып «қайтып келген қыз» атанғым келмейді&hellip Ағайын-туыстың алдында ата-анамның төмен қарағанын қаламаймын. Қазір аздап болсын күшімді көрсетіп қалуға тырысамын. Бірге тұрып жатқанымызға бірнеше қыл болды ғой&hellip Бірақ кейде шыдамым бітіп кетеді&hellip.

Құралай Ханым: Осындай хаттарды оқығанда, қазақ отбасыларынын 90 пайызы, осылай өмір суретiн сияқты ма деп ойлап қаламын&hellip
Осынын бәрi бiлместiктен ғой деймін. Отбасында қалай өмір сүру керектігiн, күйеу мен әйел арасындағы қатынас туралы бiздi ешкім, ешқашан үйретпеген. Осылай түк бiлмей 18 жаста отбасын құрып алған соң, не iстерiн бiлмейтiн екi жас бәрін былықтырады. Былықтырады деп артық сөйлейсiн дейтін де шығарсыздар?! Бірақ ойланыңызшы, ұшқыш ұшаққа отырып ұшуы үшін төрт-бес жыл оқытып барып, содан кейін ғана ұшырады. Ал енді ешқандай бiлiмi жоқ, өмірі ұшақ көрмеген адамды, отырғыз да ұшырып жiбершi&hellip
Не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты. Қазіргі заманымыздын тағы бiр қиын тұсы, әйелдің еркек болғысы келетіндiгi. Еркекпен тең айтысып, өзін олардан биiк ұстауы. Бізді жақсылықтың жаршысы қылып, ерекше жаратқан ғой. Бiз әлсіздігiмiзбен &mdash жеңетiн жандармыз! Бiз нәзіктігiмiзбен- ұтатын әйелдермiз! Бiз сүйкімділiгiмiзбен &mdash сыйлататын ханшайымдар болуымыз керек!

Бірақ қазір бәрі керiсiнше болып жатыр. Үйлене салып, өмірге ренжiп, тағдырға налып, бұртиып, тыртиып өмір сүреміз. Неге солай екенін Шерлок Холмста түсiнбейтiн шығар

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста