Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімді неке төсегімізде көңілдесімен ұстап алдым...

  • https://zen.yandex.ru/

    https://zen.yandex.ru/

Сəлеметсіздер ме апа-сіңілдер. Сіздердің ақылдарыныз қажет маған. Мен жолдасыммен ажырасқаныма 6 жыл болды. Ұлым бар 8-де. Осы алты жыл ішінде ешкіммен жүрген емеспін.

 

Жолдасым маған опасыздық жасағандықтан ажырастық. Ұлыммен ауруханада жатқанымызда басқа қызды үйге əкеп жатқан жерінен ұстап алдым. Мен ауруханадан шығатынымды айтпай үйге таксимен келсем басқа əйелдің қойынында жатқан жерінен үстінен түстім. Мен ол айелден не кемшілігім бар екенің білмеймін. Бой десе, бойым, түр десе түрім бар, өзіме əрқашан қарап жүрем. Мен оны кешіре алмай ажырасып кеттім. Неше рет кешірім сұрап келді кешіре алмадым. Содан заң бойынша ажырасып кеттім.

 

Əкем қатал адам болатын. Бəрі əкемнен қорыққаннан ба немесе сыйлағаннан ба, маған ешкім жоламайтын. Əкем маған азық-түлік дүкенін ашып берді. Енді күйеуінді ұмыт та осы дүкеніңді үлкейтіп, алдыға бас деп. Сөйтіп жүргенде əкем жүрегінен қайтыс болды. Əкемсіз қиын екен. Əкем қайтыс болғанына 3 жыл болды. Енді сіздерден сұрайын деген ақылым, өзімнен бес жыл үлкен ер адам үйленейік деп соңымнан қалмайды. Дүкеніме жұмыс барысымен келіп жүрген кезінде танысқанбыз. Ажырасқан екекн, үш жыл тұрып бала болмаған соң ажырасып кетіпті.

 

Анам маған күйеуге шық көзім тірі кезімде дейді, бірақ ұлым үшін қорқам. Қалай болады деп, ұлымның мінезі тұйық ол кісіге бауыр басуы қиын болатын секілді. Ол кісімен ұлымды таныстырдым, ұлыма ұнамапты. Мама ол кісімен енді сөйлеспеңізші деді. Не істерімді білмей жүрмін. Жалғыздықтан да шаршадым.

 

Аноним  

alashainasy.kz/




Көрілген: 2449    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.05.2020, 23:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31