Отбасы - ошақ қасы

Күйеуіме көңілім суып барады

  • http://rzhacha.com/

    http://rzhacha.com/

Біз жолдасым екеуміз бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Ортамызда екі ұл бар. Екеуміз де қазір Астанада пәтер жалдап, жұмыс жасап жатырмыз. Екі балапаным да қазір ауылдағы апамның (енемнің) қолында өсіп келеді. Мұндай жағдай тек менің емес, көптеген қазақ жастарының басында кездесетін проблема деп есептеймін. Мен өз басымнан өтіп жатқан жағдайды "Алаш айнасының" оқырмандарымен бөліскім келеді.

 

Менің айтайын дегенім, біз сүйіп қосылған жарым екеуміз жақсы өмір сүріп келеміз. Тұрақты жұмысымыз бар, жағдайымыз жақсы, екі жақты қаражат жинап, баспаналы болуға тырысып келеміз. Бірақ, бір өкініштісі, үйде сәл бір реніш туындаса, ұрысып қалатын болсақ, күйеуім дереу маған жұдырығын ала жүгіреді. Міне, кеше ғана жұмысқа қолым көгеріп, ернім кішкене жарылып келді. Оны ешкімге байқатпауға тырысамын. Бірақ қолым көтертпейді, басым қабырғаға соғылып еді, әлі күнге дейін ауырып тұр. Отбасындағы ішкі жағдайды неге көпшілікке айтып отыр деп айыптайтын шығарсыздар, бірақ кейде ішіңдегіні айтып, шер тарқатып, ақыл-көмек сұрағың келеді екен. Мүмкін оқырмандар арасында күйеуінен мен секілді таяқ жесе де, сүйген адамы болған соң ажырасуға қимай жүрген жандар бар шығар. Олар нендей ақыл-кеңес айтар екен деп сырымды ақтарып отырмын.

 

Кейде отбасындағы кикілжіңге өзім де кінәлі болып жатамын. Оны жасырмаймын. Ондай кезде таяқ жесем өкінбеймін. Бірақ кейде жөнсіз кінә тағып, орынсыз сабаған кезде өмірден түңіліп, өз-өзіме қол жұмсағым келеді. Балаларымды ойлаймын да, өзімді ақылға жеңдіремін. Өйткені ауылда біз секілді екі жас отбасы бір-бірімен қатты ұрысқаны соншалық - ақырында бірін-бірі өлтіріп, балалары жетім қалды. Осындай жағдай бізде де қайталана ма деп қатты қорқамын.

 

Мен жұмыс істеп қанша ақша тапсам да оның көзіне көрінбейді. Тіпті айлығымды өзім алып көрген емеспін. Екеуміз бірге барып, банкоматтан аламыз. Әрине, бір отбасы болған соң оның бұл әрекетін ерсі көрмеймін, қарсы емеспін. Бір қуанарлығы, ақшаны ұқыпты ұстайды, жақсы жинайды. Үнемі тек бала-шағасын ойлап жүреді. Бірақ өмір болған соң неше түрлі жағдай болады. Бірде жазда ауылға барып, енемнің 70 жылдық мерейтойын жасап бердік. Бір қуанып қалды. Әрине, ол кісінің еңбегі бар, біздің балаларымызды бағып беріп отыр. Оның үстіне ата-анаға қандай қамқорлық жасасақ та, олардың алдындағы парызымыз ешқашан өтелмейді. Сондықтан оларға қандай жақсылық жасасақ та жарасады. Бірақ менің де ата-анам бар, мен де бір үйдің үлкенімін. Мен де әке-шешеме жақсылық жасағым келеді, оларға мейіріммен қарап, көмектескім келеді. Бірде сіңлімнің ұзатылу тойына күйеуімнен біраз ақша сұрап едім, «сенің туыстарыңды асырау үшін жүрген жоқпын» деп қойып қалды. Содан кейін үйіме қатысты ақша сұрауға қорқатын болдым, оның бұлай айтқан сөздері жаныма қатты батты. Айтыңыздаршы, ақшаның түбіне кім жеткен, ақша табылар-ау, туыс табылмайды ғой. Ертең олар да бізге көмектесер, күйеуім соны түсінбейді.

 

Негізі. қыз бала тұрмысқа шыққан соң төркінін емес, күйеуін ғана ойлауы керек деп жатады. Бірақ екі жаққа да бірдей қараған дұрыс шығар деп есептеймін.

 

Егер менің төркінімді соншалықты жарылқап, көмектесіп жүрсе, бірсәрі. Бірақ осы уақытқа дейін олардан көмек алмаса, өзі беріп көрген емес. Ал мен болсам, оның ұрғанынан қорқып, жанға бататын ауыр сөздерін естіп келемін. Бірдеңені дұрыстап түсіндірейін десең, бірден ашуланып, бас-көз жоқ ұра жөнеледі. Оның пікірінше, мен өз туыстарымды мүлдем ұмытып, тек қана бала-шаға, қайын жұртты ғана ойлап жүруім керек секілді. Мен олай ететіндей, жетім қыз емеспін ғой. Туған ата-анамды, бауыр-туыстарымды қалай өмірімнен сызып тастай аламын?!.

 

Мен мұны не үшін жазып отырғанымды да білмеймін. Тек әйтеуір басымнан өткен ауыр жағдайды жұмыста ешкімге айта алмаған соң ішкі сырымды хатқа түсіріп отырмын. Менің басымдағы жағдай басқа біреулерде кездесе ме екен? Мұндай жағдайда не істеуге болады? Бәлкім, мені түсінетін, өз ойын, ақыл-кеңесін білдіргісі келетін жандар табылып қалатын шығар...

 

 

Автор: Жанат, Астана қаласы




Көрілген: 1836    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 12:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30