Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнен қалай құтылсам екен?

  • https://powertorecover.com/

    https://powertorecover.com/

Сәлеметсіздер ме қыздар, қымбатты оқырман қауым. Өкініштен өзегім өртеніп, әбден басым қатып жүргендіктен өзімнің жағдайымды осында жазып отырмын.

Менің айтайын дегенім, тұрмысқа шыққаныма 20 күн болды, осы жиырма күні мен үшін жиырма жылдай. Өйткені күйеуімді жақсы көрмек түгілі, жанына жолағым келмейді, жиіркенемін, жек көремін. Мен тұрмысқа өз қалауыммен шыққан жоқпын, ол мені өз ықтиярымсыз алып қашты. Алғаш көргеннен оны ұнатпағам, қазір тіпті жек көремін.

Оған қарамауға тырысамын, қарасам да көзімді алартып қараймын, мүлдем сөйлегім келмейді сөйлесем де дөрекі сөйлеймін. Болар іс болды, күйеуім ғой деп өзімді өзім көндіріп, жылы сөйлейінші десем де болмайды, іштей бәрібір жыным келіп тұрады. Өткен іске өкінбе дейді ғой, бірақ мен өте қатты өкінем осылай өмір сүріп жатқаныма.

Мүмкін күйеуімнің адамсүйер қылығы болса, мен де оған жібіп, ұнатуға тырысар ма едім. Бірақ олай емес, өзі тұтығып сөйлейді, одан қалса, маған да дөрекі сөйлейді, "аузыңды жапшы, үніңді өшірші" деген секілді сөздерді айтамыз бір-бірімізге. Ол өте сауатсыз жігіт, өзінің атын қатесіз жаза алмайды. Осындай адамға тап қылған тағдырыма налимын. Өзім де аспандағы ай емеспін, бірақ осыншалықты надан адамға қор болғаныма ашынамын, тіпті одан бала туғым да келмейді.

Кейде тіпті басыма небір ойлар келеді, осыдан қалай құтылсам екен, өліп қалса құтылар едім деген секілді жаман ойға кетемін. Өз ойымнан өзім шошимын, әбден шаршадым. Ақыл-кеңестеріңізді аямаңыздаршы


Аноним
 




Көрілген: 3842    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.01.2020, 12:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31