Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнің бар ойы тоқалда

  • Күйеуімнің бар ойы тоқалда

    Күйеуімнің бар ойы тоқалда

 Сәлеметсіздер ме?Мен сіздермен сырласып, пікірлеріңізді білгім келген. Тұрмыс құрғанымызға осы жылдың жазында бес жыл болады. Жолдасым өзімнен 13 жас үлкен. Бұрын үйленіп ажыраскан. Танысқан кезімізде өзін өте жақсы жағынан көрсетті. Ішпейді, шекпейді, жұмысы бар. Менің адамым осы шығар деп ойладым. Жарты жыл жүріп үйлендік.

Той жасамаймын деді, жарайды тойға тірелген еш нәрсе жок қой деп келістім. Қысқасы мен онымен тек бір айымды бақытты өткіздім. Бір айдан соң қолын көтеруді шығарды. Өзі намазхан. Осы уақытқа дейін сәби сүйе алмай келеміз. Қаралмаған жерім қалмады, трубаларым жабық екен. Экоға келіспеді.

Бала бағып алуға да келіспеді. Бар айтатыны тоқал аламын дейді. Жарайды деп оған да келістім. Енді" сен кет қыздар келіспей жатыр "дейді. Ал мен үмітімді үзгім келмейді. Болып қалар деумен келемін. Жиі қол көтереді, үйде аптасына бір ақ рет отырады.

Спа, монша,бильярд, карта айтатыны. Бір жазда үш ай бойы үйде қонбады. "Айгүл "деген қызбен кездесіп жүріпті. "Сен бедеусің, аурусың "деп бетіме басады. Онысымен қоймай аяусыз ұрады. Намазханға бұндай әрекет жат емес пе? Не істесем болады? Кеңес беріңіздерші.
 




Көрілген: 3189    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.07.2020, 18:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31