Күйеуімнің досына аңсарым ауып тұрады

Күйеуімнің досына аңсарым ауып тұрады

 Мен жеті қыздың ортаншысы болып өстім. Алла тағала маған көрік пен сымбатты аямай берген. Бұған мың алғыс. Бірақ, ер адамдардың көз құрты болдым. Қыдыруға да әуес болдым. Сондықтан шығар, жұрт мені жеңіл жүрісті бикештердің қатарына қосты. Бірақ, мен ондай емес едім. Өзімнің не істеп жүргенімді жақсы білдім. Қысқа ғана өмірден бәрін көргім келіп, өзімді ештеңеден шеттеткім келмейді. Елдің өсегіне қаламын деген ой менде ешқашан болған емес.


Мектепті бітірген соң өзімнен 7 жас үлкен жігітпен жүрдім. Бір-бірімізді өте қатты жақсы көрдік. Оны сүйгенім соншалық, қыздардың асылы саналатын абыройымды, пәктігімді соған сыйладым. Сонымен не керек, сол сүйіктіммен келіспей қалып, соңымнан қалмай жүрген жігітке тұрмысқа шығып кеттім. Уақыт өте келе екі ұл, бір қыз таптым. Күйеуіме өліп-өшкен махаббат сезімі болған емес, тек сүйгеніме ерегісіп шыға салдым. Осылайша, “енді менің өмірімде махаббат деген ұғымға жол жоқ, ондай сезімді ендігәрі сезінбеймін” деп жүргенде тұрмыс құрғанымызға жеті жыл уақыт зырғып өтіп кетіпті. Бірақ, осы жеті жыл мен үшін қызықсыз өтті. Бірқалыпты, сүреңсіз де суық өмір. Тек үш балам үшін өмір сүргендеймін.

Мен сол өміріме көнгендей болғанмын. Бірақ, жүрек шіркін көне алмапты. Күндердің күнінде күйеуімнің досына ғашық болдым. Ол азамат мені несімен баурап алғанын білмеймін. Сөйтіп, ол жігітпен көңіл қостық. Күйеуімнің досы болғандықтан жұрт бізді елемеді. Көңілдес екенімізді ешкім білген жоқ. Сөйтіп жүргенде ол жігіттен аяғым ауырлап, дүниеге қыз әкелдім. Босанғаннан кейін әлгі азаматтан жыл жарымдай қашқақтап, кездесуден бас тартып жүрдім. Ол болса мені аңдып, баласын көру үшін кездесудің жолын іздеді. Сөйтіп жүргенде кездейсоқ кездесіп қалдық. Міне, сол күннен бастап ескі жүріске қайта бастық.

Ал, күйеуім бәрінен бейхабар. Өмірге 4-ші бала келгенде қуанышында шек болмады. Мені бұрынғыдан да қатты жақсы көрді. Ал, мен керісінше, оны көрсем құбыжық көргендей әсерде боламын. Аңсарымның бәрі күйеуімнің досы. Қазір анда-санда кездесіп тұрамыз. Ол маған «сені үш балаңмен аламын, төртіншісі онсыз да өз балам» дейді. Күйеуіммен ажырасып, өзіне тұрмысқа шыққанымды қалайды. Өзі мен жайында үй-ішіне айтып қойған да екен. Бірақ, мен оның отбасынан қатты қорқамын, ұяламын, ыңғайсызданамын. Ертең мені қабылдамай қойса қайтемін? Ал, өзімнің күйеуім бұл жайында әлі білмейді. Егер ол естісе не боларын кім білсін?! Иә, сұмдық!

Бірақ, әйтеуір күндердің күнінде бар шындықты білері анық. Өзімнің қателік жасағанымды жақсы білемін, күнәлі екенімді де білемін. Бұл жүрісімнің түбі жақсылыққа апармайтынын да білемін. Не істеймін? Көмек қолын созыңыздаршы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста