Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнің жауапсыздығынан жалықтым

  • Күйеуімнің жауапсыздығынан жалықтым

    Күйеуімнің жауапсыздығынан жалықтым

 Сəлеметсіздер ме, құрметті оқырман. Мен өз басымнан өтіп жатқан қиындығыммен бөлісіп, ақыл-кеңес сұрайын деген себеппен жазып отырмын.

Жасым 19-да. Алланың қалауымен мектеп бітіріп 17 жасымда өзімнен 3 жас үлкен жігітке тұрмысқа шықтым. Үйдің жалғыз ұлы, өзімнің ізімнен ерген жалғыз бауырым бар. Тұрмысқа шыққан кезімде барлығы жақсы болды. Өз ата-анам мен қайынжұртым менің оқуға түсуіме жағдай жасады. Оқуға сырттай тапсырып, жұмыс істеп жүрмін.

Күйеуім отбасылық өмірімізге  бір жыл толған соң өзінен өзі "Алматыға жұмысқа кетемін" дегенді шығарды.Бір ай бойы енем екеуміз оны көндіре алмадық, Бір жағынан, ер адамның молырақ ақша тауып, отбасын асырағысы келетін шығар, барса барсын деген де ой болды. Содан енем мені алып қалып, күйеуімнің  өзін қалаға жіберді.

Үш ай екеуміз екі жақта бөлек жүрдік. Алғашында қиын болды. Уақыт өте келе  түсіндім, ол мені не қасына шақырғысы келмеді, не өзі де қайтқысы келмеді. Тапқан жұмысына байланысты кеш батса болды телефоны сөндірулі тұрады,таңда бір қосып хабарласады. Өзі жұмыс істеп жүрсе де, бізден ақша салып жіберуімізді сұрайды. Осындай жағдайлардан кейін мен оның қалада жұмыс істеп жүргеніне күмәндана бастадым. 

Төзімім таусылғасын бір сөзімде "Қайт немесе мен өз үйіме қайтам "дедім. Сонымен үш ай өткесін үйге келді. Жұмыс істеп, ақша табу былай тұрсын, тіпті жұмыс табуға да талпынбаған секілді. Тек біз салып жіберген ақшаға қыдырып жүре берген. Бізді үш  ай бойы алдап келген. Күйеуімнен қатты көңілім қалды. Ол Алматыға кетер алдында алтындарым жоғалып кеткен еді, басқадан көріп жүрсем өз күйеуім алып сатып жіберіпті. 

Балаларының бұл қылығын айтсам, ата-енеме бəрібір. Бастары ауырмайды, өздері де мұны  ашық айтты. Шынымды айтсам, күйеуімнен әбден  көңілім қалды, сезімім суыды. Отасқанымызға 2 жыл болды əлі баламыз жоқ. Өз үйімдегілер де қатты ренжіді оның бұл қылығына, бірақ маған "шыдап көр" дейді. 

Уақыт өте келе ер адам өзгере ме, әлде осындай жауапсыз күйінде қала бере ме? Оның осындай келеіңсіз қылығына шыдай бергенім дұрыс па, әлде ертерек басымды арашалап алғаным дұрыс па? Кеңестеріңізді күтем, ақыл қосыңыздаршы, өтінем. 

Айсұлу, Аягөз қаласы 




Көрілген: 2981    Пікірлер: 4

жұма, 29.01.2016, 10:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31