Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнің нақсүйері бала тапқанын естігенде төбемнен жай түскендей болды

  • Күйеуімнің нақсүйері бала тапқанын естігенде төбемнен жай түскендей болды

    Күйеуімнің нақсүйері бала тапқанын естігенде төбемнен жай түскендей болды

 Анонимді түрде шығарасыз ба? Рахмет! Басымнан өтіп жатқан жағдайды баяндайын. 2 ай бұрын 38 аптада балам өлі туылды. 6 жыл көтере алмай көтерген балам еді. Жүрегім қарс айырылды. 6 жастағы ұлым бар. Осы жағдайға қоса, 1 ай бұрын күйеуім 1 жыл бұрын көзіме шөп салып, 4 ай бұрын қызы туылғанын біліп қойдым. Нақсүйері ажырасқан, бірінші күйеуіненде қызы бар екен. Күйеуіммен бірге жұмыс істейтінін анықтадым. Күйеуім 1 рет ғана менімен ұрысқанда ашумен болған жағдай, сені ғана сүйемін кетпеймін сенен, маған балам екеуің керексіндер деп сендірмекші болып, енді түк болмағандай өмір сүріп жүр.

Үйіміз ортақ, ипотекамен алынды, әлі құтылып бітпедік. Жағдайым өте қиын, жүрегім сыздап ауырып барады, баламды жоғалттым, күйеуімнің жоғарыда айтылған жағдайы жегідей жеп барады. Ішім күйіктен өртеніп барады. Анау әйел заңды түрде әкелік талап етіп, екеуі ЦОН мен ЗАГС-ке барғандарын анықтадым, бірақ ештеңе жасап үлгермеген мен біліп қойдымда, күйеуім нөмірін ауыстырып тастады.

Күйеуім жүктілігін есіткенде алдырт маған керек емес деген екен бірақ анау әйел өзі үшін туатындығын айтып, бұдан ештеңе талап етпейтіндігін айтып, жанұясын бұзбайтындығын айтып көндіртіпті. Ендігі сұрақ, ешкімге айта алмаймын, іштей тынып отырмын, маған не кеңес берер едіңіздер, осындай жағдай басынан өткен адамдар бар ма екен? Көмек беріңіздерші, не істеу керек?

 Аноним




Көрілген: 2674    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 09:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Ақпан, 16:10
    Екі әйел алмаңдар!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30