Отбасы - ошақ қасы

Күйеуімнің некесіз баласы бар екен

  • Күйеуімнің некесіз баласы бар екен

    Күйеуімнің некесіз баласы бар екен

 Қайырлы күн! Мен өзімнің басымнан өтіп жатқан жағдайды жазсам деп ем. Мен тұрмыстағы әйелмін, 2 қыздын анасымын. Отбасын құрғаныма биыл 4 жыл болады,  осы жылдар ішінде бірталай жағдайлар болды, бірақ әйтеуір отбасымды сақтауға барынша тырысып келдім. Күйеуімнің барлық кемшіліктеріне көз жұмып қарадым. Енді міе, күйеуімнің тағы бір былығы шығып қалды, енді не істерімді білмеймін.

Осыдан 2 жыл бұрын күйеуім бір қызбен кездесіп, пәтер жалдап бірге болыпты. Содан кейін ол кыз жүкті боп капты. 2 жылдан бері неге айтпағанын түсінбеймін. Енді келіп күйеуіме бала сенен деп жабысып жатыр. Бүгін азанда хабарласып сотқа бердім, министрлікте ағаларым бар деп қорқытып жатыр.  Білмеймін енді не боларын.

Ата-енеме айта алмаймын, ол кісілердің денсаулығы жоқ, қан қысымдары тез көтеріліп кетеді.  Өзім де әбден қиналып кеттім, қыздарымды ойлаймын. Түсінбеймін, ол қыз күйеуіммен өз еркмен кездесіп, бірге болған. Күйеуім болса, ол қыз кездесуге мені өзі шақырды деп отыр.  Енді не істеймін,  жылап-жылап көз жасым кұрғар емес.

Ол қыз бүгін ішкі істер органдарына барып арыз жазам, зорлады деп шағымданам, түрмеде шірітем деп қоймайды. Осыны ойлаймын деп менің де қан қысымым көтеріліп кетті. Күйеуіме карағым келмейді,  жиіркеніп кеттім әбден. Не істеймін, ақыл айтыңыздаршы, ата-анама да ештеңе білдіргім келмейді.Не істесем екен? 

Аноним 




Көрілген: 2853    Пікірлер: 1

бейсенбі, 16.03.2017, 11:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...
    9 Қыркүйек, 01:14
    Қайынағам қырындап жүр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31